ІІ ҚАЛАЛЫҚ «МӘУЕЛІ МҰРА» ОҚУЛАРЫ


«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылдың іс- шаралар жоспарына сәйкес ІI қалалық «Мәуелі мұра» оқуларын 8-11 сынып оқушылары арасында өткізетінін хабарлайды. Оқулар ақын Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығына арналады.
Оқулардың мақсаты – мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиеті шығармаларын насихаттап, құнды қазыналарымызды білу қажеттілігін көрсету, әдеби тіл байлығы, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.
Оқулар екі кезеңде өтеді:
І кезең – білім беру мекемелерінде: наурыз- сәуір айларында;
ІІ кезең – қалалық кезең: 15- сәуір №70 мектеп- лицейі (Майқайың 1)
Тіркеу: 09.00 – 09.45
Басталуы: 10.00
Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» — ақындар айтысы номинациясы;
  2. «Толғауы тоқсан қызыл тіл….» — ақындар мүшайрасы номинациясы;
  3. «Таза, мінсіз асыл сөз….» — эссе жазу номинациясы;
  4. «Әдебиет танытқыш» — шығарма мәтінінің көркемдік құрылысын талдау номинациясы.
    Оқуларға қатысу туралы сұраныс 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданды.
    Қатысушыларға сәттілік тілейміз!