9-11-сынып оқушыларына арналған қалалық «Бір ғалымды көрсеңіз…» атты ІІ Абай ғылыми жоба байқауы

2022 жылдың 9 сәуір күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ бірлесіп, ІІ қалалық «Бір ғалымды көрсеңіз…» атты Абай ғылыми жоба байқауын өткізуде.

Мақсаты: Абайдың мұрасын зерттеу арқылы бүгінгі жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Жас таланттардың шығармашылықтарын шыңдау және болашаққа бағыт-бағдарын анықтау.
Байқауға қала бойынша жалпы білім беретін орта мектеп, мектеп-гимназия, мектеп-лицейлерінің 34 мектебінен (№1МЛ, №4 МГ, №7МГ, №24, №26 МГ, №28 МЛ, №38 МЛ, №40 МЛ, №50 МЛ, №51МГ, №52, №55 ОМ, №59 МЛ, №61, №62, №64, №65, №66, №67 №68, №69 МГ, №70, №71,№72, №74, №83МГ, №84 МЛ, №85 МЛ, №86 МГ, №87 МГ, №92 МЛ, BINOM «Тұран» МЛ, BINOM «Ұлы дала» МЛ, BINOM «Таным» МЛ) 62 оқушысы қатысуға сұраныс берді. 4 оқушы байқауға қатыспайтынын ескертті. Сараптама қорытындысы бойынша 51 оқушы ІІ кезеңге өтті.
Ғылыми жобаның бірінші кезеңінен (іріктеуден) өткен оқушылар байқаудың екінші кезеңін офлайн форматта (тікелей эфирде) қорғап жатыр.
Оқушы жобасын 3 әділ-қазыға жеке-жеке кабинетке барып қорғайды. Әділ-қазылардың бағалау критерийлері бағалайтын бөлімдеріне байланысты 3 бөлімге бөлінген.
Жоба байқауының өту уақыты:
1) 08:30-09:00 аралығында қатысушыларды тіркеу;
2) 09:15-13:00 жоба қорғау
3) 13:00-14:00 үзіліс
4) 14:00-15:00 қорытынды шығару
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін комиссия құрамы бекітілді. Қазылар алқасы жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің профессорлық-оқытушы құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен құралды.