ІI қалалық «Мәуелі мұра» оқулары

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы іс- шаралар жоспарына сәйкес ІI қалалық «Мәуелі мұра» оқуларын (бұдан әрі- Оқулар) 8 – 11 сынып оқушылары арасында өткізетінін хабарлайды. Оқулар ақын Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығына арналады.
Оқулардың мақсаты – мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиеті шығармаларын насихаттап, құнды қазыналарымызды білу қажеттілігін көрсету, әдеби тіл байлығы, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.
Оқулар екі кезеңде өтеді:
І кезең – білім беру мекемелерінде: наурыз- сәуір айларында;
ІІ кезең – қалалық кезең: 15- сәуір №70 мектеп- лицейі (Майқайың 1)
Тіркеу: 09.00 – 09.45
Басталуы: 10.00
Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» — ақындар айтысы номинациясы;
  2. «Толғауы тоқсан қызыл тіл….» — ақындар мүшайрасы номинациясы;
  3. «Таза, мінсіз асыл сөз….» — эссе жазу номинациясы;
  4. «Әдебиет танытқыш» — шығарма мәтінінің көркемдік құрылысын талдау номинациясы.
    Оқуларға қатысу туралы сұранысты 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін көрсетілген сілтемеге https://goo.su/kkTOl0M жіберулеріңізді сұраймыз.
    Мекен жайымыз: Нұр- Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 55/13.
    Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8/7172/ 64 55 24 , 87012524595.