«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп — гимназиясымен бірлесе отырып 2022 жылдың 29 сәуірінде 4-сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «Бала Абай» байқауын өткізетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты: Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу, шығармашылықтарын шыңдау.
Байқау екі номинация бойынша өткізіледі. Әр номинацияға білім беру мекемесінен бір оқушыдан қатысады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!