Республикалық «Мұқағали Мақатаев» оқуларының қалалық іріктеу кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы №74 мектеп-лицейімен бірлесіп, Республикалық «Мұқағали Мақатаев» оқуларының қалалық іріктеу кезеңін 7 – 11 сынып оқушылары арасында 06 сәуір күні өткізетінін хабарлайды.
Оқулардың мақсаты – Мұқағали Мақатаев шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау.
Ережеге сәйкес оқулар үш номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» — ақын өлеңдерін жатқа оқу;
  2. «Жыр эстафетасы» — ақын поэмаларын жатқа оқу;
  3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» — жазба ақындар мүшайрасы;
    Республикалық кезеңге қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарынан Ережеде көрсетілген номинациялар бойынша елордалық команда жасақталады.
    Қалалық іріктеу кезеңінің қатысушыларына сәттілік тілейміз!