ІІ қалалық «… Бір ғалымды көрсеңіз» атты Абай ғылыми жоба конкурсы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 гимназиясымен бірлесе отырып 2022 жылғы сәуір айының 9-ы күні 9-11сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «… Бір ғалымды көрсеңіз» атты Абай ғылыми жоба конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты — Абайдың мұрасын зерттеу арқылы бүгінгі жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

  1. Антиплагиат
  2. Сараптама
    Әр білім беру мекемесінен 3 оқушы қатыса алады: 9-сыныптан 1 оқушы, 10-сыныптан 1 оқушы, 11-сыныптан 1 оқушы.
    Қатысушыларды тіркеу уақыты: сағат 09.00-09.20.
    Конкурстың уақыты: сағат 09.30-13.30. Жеке қорғауға 5-7 минут (сұрақпен бірге), командалық жобаға 7-10 минут (сұрақтармен бірге).
    Қатысу туралы сұраныс 2022 жылдың 5 сәуіріне дейін мына электронды адреске abai_olimpiada@bk.ru жібересіздер.