Бүгін елордадағы №52 мектеп – гимназиясында «АСТАНА ДАРЫНЫ» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы» зертханасы бірлесіп ұйымдастырған «ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» атты халықаралық олимпиадасының қалалық кезеңі өтіп жатыр. Олимпиадаға Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын оқып –үйреніп жатқан: №№51МГ, 52МГ, 66МЛ, 72МЛ, 80МГ, 85МЛ білім мекемелерінен 6 команда, барлығы — 286 бала қатысуда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» ДДПС орталығының диплом, грамоталарымен марапатталады және барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.