2022 жылдың 9 наурыз күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ бірлесіп, қалалық ІІ Абайтану олимпиадасын өткізді.
Мақсаты: Абай поэмаларын жаттап, әлемдік тарихи оқиғалардан хабардар болып, әлем әдебиеті мен мәдениеті кеңістігінде түсінік қалыптастыру. Жас таланттардың шығармашылықтарын шыңдау және болашаққа бағыт-бағдарын анықтау. Абай поэмалары арқылы оқушыларды парасаттылық пен даналыққа тәрбиелеу.
Байқауға қала бойынша жалпы 61 мектебінен сұраныс түсті.
Абайтану олимпиадасы екі кезең (тест орындау, эссе жазу) бойынша өткізілді.
Абайтану олимпиадасының 1-кезеңінен 59 оқушы қатысып, 2-кезеңге 37 оқушы өтіп, Абай поэмаларының желісі бойынша берілген тақырыптарға эссе жазды. Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін құрылған қазылар алқасы жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің профессорлық-оқытушы құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері әділ бағаларын берді.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
І орын – 44 ОМ, №66 МЛ;
ІІ орын – №4 МГ, №27 МЛ; №48 МЛ, №50 МЛ, №70 МЛ, №82 «Дарын», №87 МГ;
ІІІ орын – №16 ОМ, №29 ОМ, №58 МГ, №65 МГ, №68 МГ, №81 МГ, №83 МГ, БИЛұ;
Грамота — №7 МГ, №10 МГ, №56 МЛ, №61 ОМ, №64 МЛ, №76 МЛ, №78 МГ, №85 МЛ, №89 МЛ, №51 МГ.
Қалалық «Абай поэмалары және әлемдік гуманизм» атты ІІ Абайтану олимпиадасының өтуіне қосқан үлестері және ұйымдастыру жұмысына атсалысқандары үшін №87 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс айтамыз!