Есенберлин тағылымы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы І.Есенберлин атындағы № 67 гимназиясымен бірлесе отырып 2021 жылдың 15 ақпанда 8-10-сынып оқушылары арасында «Есенберлин тағылымы» атты ІІ қалалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізетінін хабарлайды.
Конференцияның мақсаты: мектеп оқушылары арасында жазушының тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау, оқушылардың шығармашылық зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру болып табылады.
Конференцияда 6 номинация бойынша байқау өткізіледі. Байқауға білім беру мекемесінен әр номинация бойынша 1 оқушы қатысады.
Қатысу туралы сұраныс 2022 жылдың 5 ақпанына дейін І.Есенберлин атындағы №67 гимназияның электронды поштасына esenberlin.okulary@mail.ru жолдануы қажет.