Үздік жыл психологы

«Астана дарыны» ДДжПСО 2021-2022 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында 2021 жылғы қазанның 8-і мен қарашаның 4-і аралығында «Үздік
жыл психологі» қалалық конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.


Конкурстың қалалық кезеңі екі этаптан тұрады:

  1. Сараптама — 26-29.10.2021ж.;
  2. Қорытынды — 3-4.11.2021ж.

Конкурсқа қатысушы психологтар еңбек өтіліне қарай үш топқа бөлінеді (3 жылға дейін, 3-7 жылға дейін және 7-жылдан астам).

Сұраныстың (жазбаша) қағаз және электронды нұсқасы 2021 жылғы қазан айының 10-ы мен 22-і күндері аралығында қабылданады.


Конкурсқа қатысушыларды көрсетілген сілтеме бойынша 2021 жылғы қараша айының 22-іне дейін тіркелулеріңізді сұраймыз.

https://docs.google.com/forms/d/1X2K44-xA2rpwtBY8JDo759QahOFOUfbTihLdl9k_YwM/edit?usp=sharing&urp=gmail_link

Ескерту: Конкурсқа тек қана тәжірибеде қолданыста жүрген, апробациядан өткен нақты тәжірибелік қорытындысы бар жұмыстар ғана ұсынылады.
Конкурс туралы қажетті мәліметтерді мына мекенжайдан білуге болады: «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, Мәңгілік Ел 55/13, Блок С 2-1, байланыс тел: 20-25-40, 20-25-31.