І қалалық «Әдебиет әліппесі» оқулары

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы І қалалық «Әдебиет әліппесі» оқуларын 2 – 4 сынып оқушылары арасында өткізетінін хабарлайды. 

          Оқулардың мақсаты – мектеп оқушыларының қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

         Оқулар екі кезеңде өтеді:

І кезең – білім беру мекемелерінде: 2021 жылдың қыркүйек, қазан айларында;

ІІ кезең – қалалық кезең: 2021 жылдың 22 қазан күні.

Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:  

1. «Өнер алды….» — ертегіні мәнерлеп, жатқа оқу номинациясы;

2. «Ойлан, тап» — берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру номинациясы;    

3. «Алтын сақа» — шығарманы   жалғастыру номинациясы;

4. «Ақ желкен» — шығармашылық жұмыс номинациясы.  

         Оқуларға қатысу туралы сұраныс ақпарат хатында берілген сілтеме арқылы қабылданады.    

 Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8/7172/ 20 26 83, 87012524595.