І қалалық Сәкен оқулары

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы №80 мектеп- гимназиясымен бірлесе отырып, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинге арналған І қалалық Сәкен оқуларын 8 – 11 сынып оқушылары арасында 15 қазан күні №80 мектеп- гимназиясында (Ш.Қосшығұлұлы 17/2) өткізетінін хабарлайды. 

          Сәкен оқуларының мақсаты – мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларын насихаттау, әдеби тіл байлығын дамыту, классикалық әдебиеттерді дәріптеу. 

         Сәкен оқулары төрт номинация бойынша өтеді:

1. «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» — ақынның өлеңдерін оқу;

2. «Сәкеннің сырлы әндері» — ақынның әндерін орындау;

3. «Сәкеннің сыр сандығы» — өз шығармасын орындау;  

4. «Сәкен туралы 10 дерек» — ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру.

         Қосымша ақпарат алу үшін 87473992986 байланыс телефонына Сайлауқызы Кунсаулеге хабарласыңыз.  

         Қатысушыларға сәттілік тілейміз!