«Әдебиет әліппесі» оқулары

         «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылғы іс- шаралар жоспарына сәйкес І қалалық «Әдебиет әліппесі» оқуларын (бұдан әрі- Оқулар) 2-4 сынып оқушылары арасында өткізетінін хабарлайды. 

          Оқулардың мақсаты – мектеп оқушыларының қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

         Оқулар екі кезеңде өтеді:

І кезең – білім беру мекемелерінде: қыркүйек айында;

ІІ кезең – қалалық кезең: 2021 жылғы қазан айында.

Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:  

1. «Өнер алды….» — ертегіні мәнерлеп, жатқа оқу номинациясы;

2. «Ойлан, тап» — берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру номинациясы;    

3. «Алтын сақа» — шығарманы   жалғастыру номинациясы;

4. «Ақ желкен» — шығармашылық жұмыс номинациясы.  

         Осы хат «Әдебиет әліппесі» оқуларына алдын ала дайындалу үшін жіберіліп отыр. 

         Оқулардың өтетін орны немесе платформасы, күні мен уақыты қосымша ақпарат хатта хабарланады.

         І қалалық «Әдебиет әліппесі» оқулары туралы толық ақпаратты ереже және ережеге қосымшадан алуға болады.

Оқуларға қатысу туралы сұраныс ақпарат хатында берілетін сілтеме арқылы қабылданады.    

 Ұйымдастырушылардың мекенжайы: Нұр- Сұлтан қаласы,  Мәңгілік ел даңғылы 55/13, «Астана дарыны» ДДжПС орталығы.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады:

8/7172/ 20 26 83, 87012524595.