«Сен ғылымға болсаң ынтық…..» атты республикалық ғылыми жобалар байқауына тіркелу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минисрлігінің қолдауымен 2021 жылғы 9 ақпан №5-18-2/482 хаты негізінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Білім Өркениеті» Ұлттық инновациялық ғылыми –зерттеу орталығымен бірлескен меморандум негізінде 2021 жылдың 28 мамыр айына дейін «Үздік ғылыми жоба» аясында «Сен ғылымға болсаң ынтық..» атты республикалық ғылыми жобалар байқауына тіркелу керектігін хабарлайды.
Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеті: оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.
Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады.
Байқауға мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерімен қатысу мүмкіндігіне ие! Байқаудың материалдары педагогтардың аттестациясына жарамды құжат болып табылады. Байқау қатысушыларына «СЕН ҒЫЛЫМҒА БОЛСАҢ ЫНТЫҚ…» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі.
Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:
1. Физика-математикалық (Бағыт: физика, математика, информатика, экономика);
2. Ғылыми-жаратылыстану (Бағыт: биология, химия, адам денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау);
3. Лингвистикалық (Бағыт: әдебиеттану, тіл білімі);
4. гуманитарлық (Бағыт: тарих, өлкетану, этномәдениеттану).
Байқау екі кезең бойынша өтеді:
- Іріктеу кезеңі (жұмыс электронды нұсқада қабылданады);
- Ғылыми жобаларын қорғау.
«Сен ғылымға болсаң ынтық…..» атты республикалық ғылыми жобалар байқауының кезеңіне қатысу үшін сұраныс төмендегі кесте бойынша толтырылады:
Байқауға сұраныс пен жұмыстың электрондық нұсқасын 2021 жылдың мамыр айының 28–не дейін ruhany.iangiru.17@bk.ru электронды поштасына жіберуілеріңізді сұраймыз.
Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: 87476288054, 87754520398.