ХХІІ республикалық Абай оқулары қалалық іріктеу кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылдың 19 мамыр күні қазақтың ұлы ақыны,  ағартушы,  философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлына арналған ХХІІ республикалық Абай  оқуларының қалалық  іріктеу кезеңін 8 – 11 сынып оқушылары арасында №87 мектеп-гимназиясында өткізеді.

       Абай оқуларының мақсаты – мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім  шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, әдеби тіл байлықтарын, көркем сөз шеберлігін дамыту.

       Абай оқулары 6 номинация бойынша өтеді:  

1. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы…» Абай шығармаларын жатқа оқу номинациясы;

2. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы;

3. «Абайдың қарасөздері» номинациясы;

4. «Көңілім әнді ұғады…» Абай және Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау номинациясы;

5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда…» оқушылардың өз шығармаларын орындау номинациясы;

6. «Ұлылар әлемі» Абай және Шәкәрімнің өмірі мен шығармалары  туралы эссе жазу номинациясы.

       Республикалық кезеңге қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарынан Ережеде көрсетілген өнер түрлері бойынша елордалық команда жасақталады. Қалалық іріктеу кезеңінің қатысушыларына сәттілік тілейміз!