Құттықтаймыз!

Халықаралық Менделеев олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен Нұр-Сұлтан қаласының ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі, 11 сынып оқушысы Сейсенқұл Бақдәулет қола медальға ие болды! Дарынды оқушымыздың халықаралық олимпиадаға қатысуына демеуші болған «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің директоры Рысбек Мәуітке, «Bilim Foundation» ҚҚ президенті Айтмұхамбет Ерлан Аманжолұлына және ер балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің директоры Пириев Эльбрус Камалұлына алғыс білдіреміз! Бағы мен бабы қатар шапқан Бақдәулетті жүлдесімен құттықтаймыз!