ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫ

12 сәуір ҚР ғылым саласы қызметкерлері күні және ғұлама ғалым, академик Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу мақсатында «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» атты республикалық онлайн семинар 10 сәуір күні zoom платформасында қашықтан  №61 орта мектебінің ұйымдастыруымен өтті.

Семинарға белгілі ғалымдар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының өкілдері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, ұстаздар және оқушылар қатысты.

Семинар ұлтымыздың кемеңгер перзенті, біртуар ұлы Қаныш Сәтбаевтың жарқын бейнесін қазақ қауымына танытқан қаламгер Медеу Сәрсекемен болған сұхбатпен басталып,  Қ. И. Сəтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің профессоры, мемлекеттік Сәтбаев сыйлығының лауреаты, ҚР жазушылар одағының мүшесі, техника ғылымдарының докторы, академик Нұрпейісова Маржан Байсановна, Ахмет Байтұрсынұлы білім академиясының директоры Еркінбай Ұлан және ҚР БҒМ Мемлекет тарих институты ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының  кандидаты Қалиев Жабай Нұмақұлы, алаштанушы  Тоқтарбай Елдос, Phd  доктанарант Кәрімхан Заңғарлардың   ғалымның өмір тәжірибесі негізінде әртүрлі тақырыптағы баяндамаларымен  жалғасты.

Жезқазған қаласындағы №7 Қаныш Сәтбаев мектеп-лицейімен болған теле-көпір мен Қарағанды облысы,Ұлытау ауданында орналасқан  Қарсақбай үй-музейімен «Қарсақбай музейіндегі Қаныш мұрасы»  атты саяхат сабақтардан семинарға қатысушылар зор әсер алды. 

Мектеп мұғалімдері қойған «Тыңнан сүрлеу салған ғалым» атты сахналық қойылым ғалымның өмір жолына жасалған саяхат болды. 

Семинар өзінің  уақыт талабына сай болашақ жастарға  Қаныш Сәтбаев туралы жаңаша бағыт беру, ұрпақтан-ұрпаққа тарайтын үлгі өнегесі бар ардақты азамат есімін насихаттау жұмыстары өз мақсатына  жетті. Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын жалғастыру және насихаттау мақсатында Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық   сүйемелдеу орталығымен бірлесе отырып,   елорданың 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Қаныш Сәтбаев ғылыми жобалар сайысын» ұйымдастырып, өткізу туралы резалюция қабылданды.