ІV Республикалық «Қадыр оқулары – 2021» онлайн байқауының қалалық іріктеу кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының 30.03.2021 ж. №2-20/1690 хаты негізінде ІV Республикалық «Қадыр оқулары – 2021» онлайн байқауының қалалық іріктеу кезеңі 5 – 11 сынып оқушылары арасында санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен №54 мектеп- лицейі базасында (Ш. Иманбаева 4) 15 сәуір күні өтетінін хабарлайды. Оқулардың мақсаты – Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау. Ережеге сәйкес оқулар үш номинация (әр номинацияға 1 (бір) оқушыдан) бойынша өткізіледі: 1. «Сөзім барда – өзім бар» — ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу;2. «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» — ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау; 3. «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» — жазба ақындар мүшайрасы; Оқуларға қатысу туралы сұранысты 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін https://tinyurl.com/qadyroqulary2021 берілген сілтеме арқылы толтырып жіберулеріңізді сұраймыз. Мекенжайы: Нұр- Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 55/13, «Астана дарыны» ДДжПС орталығы.Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8/7172/ 20 26 83, 87012524595.