4 — сынып оқушылары арасындағы «Бала Абай» қалалық байқауы

   «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен  Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп – гимназиясы  бірлескен меморандум негізінде 2021 жылы  29 сәуірде 4 — сынып оқушылары арасында «Бала Абай» қалалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) өтетінін хабарлайды.    

     Байқаудың  мақсаты – жасынан зейінді де зерек болған ұлы ақын Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, оның шығармаларын сүйіп оқуға баулу.                                                                 

     Байқау екі номинация бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен өтеді:

I номинация: Абай өлеңдерінен эстафета (Қосымша-1).

II номинация: Абай шығармаларынан видеосюжет.

II номинация екі кезеңнен тұрады(ережеде берілген):

         1 — кезең – іріктеу;

         2 — кезең – қорытынды.

    Байқауға қатысуға үміткерлер сұранысты (Қосымша-2) аbai_konkurs2021@mail.ru электрондық поштасына 2021 жылдың 22 сәуіріне дейін, II номинация бойынша қатысушының CD дискіге .avi. форматында жазылған видеосюжетін 24 сәуірге дейін №87 мектеп-гимназиясына (А. Иманов көшесі 37, тел.: 8 7172 769561)  тапсыру керек.