2021 жылдың 26 ақпан күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ бірлесіп, қалалық «… Бір ғалымды көрсеңіз» атты Абай ғылыми жоба байқауын өткізді.
Мақсаты: Мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Байқауға қала бойынша жалпы білім беретін орта мектеп, мектеп-гимназия, мектеп-лицейлерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың бағыттары: Абай шығармашылығы және абайтану ғылымы бойынша ғылыми жобалар 2 секция бойынша жүргізілді. Тілтану: Этнолингвистика; Лексикологиялық талдау. Әдебиеттану: Салыстырмалы зерттеу; Абайтанудың өзекті мәселелері.
Байқауға қала бойынша жалпы білім беретін орта мектеп, мектеп-гимназия, мектеп-лицейлерінің 30 мектебінен 39 оқушы қатысты. Байқау оффлайн форматта өткізілді. Байқауға келген оқушылар екі бағыт бойынша ғылыми жобаларын ғалымдарға жаңа ерекше форматта жеке-жеке қорғады. Бұл жобаның маңыздылығы мен өзектілігі де осында. Ғалымдар арнайы бағалау критерилерін басшылыққа алып, жас дарындардың ғылыми зерттеу жұмыстарын тексерді.
Ғылыми жоба жетекшілеріне «Абайтану» авторлық бағдарламасындағы — жаңашылдық» тақырыбында семинар өткізілді. Қатысқан мұғалімдерге сертификаттар табысталды.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін комиссия құрамы бекітілді. Қазылар алқасы жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің профессорлық-оқытушы құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен құралды. Әділ қазылар құрамы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессорлары мен Еуразиялық гуманитарлық институтының мамандарынан құрылды. Әділ қазы алқалары әр қатысушының жұмысын мұқият қарап, әділ төрелік етті.
Ғылыми жобалар мынадай бағалау критерийлерімен бағаланды.
«Тақырыпқа барлау»
-тақырыптың өзектілігі, жаңалығы;
-зерттеу пәні бойынша мақсат-міндеттері толық қамтылуы;
-құрылымы, болжамы мен ұсыну формасы талапқа сай болуы.
«Негізгі арқау»
-теориялық жағынан негізделуі;
-зерттеу әдіс-тәсілдерінің тақырыпқа сай қолданылуы;
-зерттеудің мақсат-міндеттер аясында жасалуы.
«Нәтижесін байқау»
-болжамдардың нәтижелілігі;
-зерттеу жұмысы бойынша қорытынды жасай алуы;
-зерттеудің бүгінгі күнмен байланысы.
Ғылыми жоба байқауының «Тілтану» бағыты бойынша:
І орын — №83 МГ
ІІ орын — №87 МГ
ІІІ орын – №70 МЛ, №78 МГ
Грамота — №86 МГ оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Ғылыми жоба байқауының «Әдебиеттану» бағыты бойынша:
І орын — №71 МЛ
ІІ орын — №61 ОМ, №85 МЛ, №87 МГ
ІІІ орын – №16 ОМ, №30 МГ, №40 МЛ, №50 МЛ, №64 МЛ, №85 МЛ.
Грамота — №2 МГ, №50 МЛ, №51 МГ, №70МЛ, №86МГ, №90МГ оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Қалалық «… Бір ғалымды көрсеңіз» атты Абай ғылыми жоба байқауының ұйымдастырылуы мен өтуіне қосқан үлестері үшін Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс айтамыз.