2021 жылдың 19 ақпан күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ бірлесіп, қалалық І Абайтану олимпиадасын өткізеді. Олимпиаданың мақсаты — Абай поэмаларын жаттап, әлемдік тарихи оқиғалардан хабардар болып, әлем әдебиеті мен мәдениеті кеңістігінде түсінік қалыптастыру. Жас таланттардың шығармашылықтарын шыңдау және болашаққа бағыт-бағдарын анықтау. Абай поэмалары арқылы оқушыларды парасаттылық пен даналыққа тәрбиелеу. Олимпиада онлайн форматта өткізіледі. Олимпиаданың екі кезеңі де googlе meet платформасында ұйымдастырылған бейнебақылау арқылы жүргізіледі. Абайтану олимпиадасы екі кезеңнен тұрады: І кезеңде Абай поэмалары мазмұны бойынша 40 сұрақтан (әр поэмадан 10 сұрақ) құралған тест тапсырмалары ұсынылады. Тапсырманы орындауға 30 минут уақыт беріледі. Келесі кезеңге шектік ұпайдан асқан (20 ұпай) оқушылар қатысады. ІІ кезеңге өткен қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан Абай поэмалары негізінде үш тақырып ұсынылады. Қатысушы қалаған бір тақырыбына эссе жазады. Эссе көлемі 200-250 сөз. Эссе жазуға 90 минут уақыт беріледі. Эссенің мазмұны, ойының жүйелі үйлесуі, эссе талаптарына сай жазылуы басшылыққа алынады. Орфографиялық норманы сақтауы, тіл тазалығы, тіл сауаттылығы жұмысты тексеру барысында қадағаланады. Олимпиаданының өту уақыты: 09:00-09:30 аралығында қатысушыларды тіркеу;9:30-10:00 олимпиаданың ашылу салтанаты;10:00-10:30 олимпиаданың 1-кезеңі (тест тапсыру)10:30-11:00 үзіліс (2-кезеңге іріктеу)11:00-12:30 олимпиаданың 2-кезеңі (эссе жазу) Олимпиадада қалалық білім беру мекемелерінің сұранысы негізінде 38 оқушы қатысқалы отыр.І Абайтану қалалық олимпиадасының қатысушыларына сәттілік тілейміз!