📢 «Сәулелі көлеңке» қалалық байқауы

🏫 «Астана дарыны» орталығы мен «ELGEZEK» даму орталығы 🇺🇸 American Councils қолдауымен қазақ тілін меңгерген өзге ұлт оқушылары арасында көлеңке театр байқауын өткізеді.

🎯 Мақсаты:
📌 Мемлекеттік тілді қолдау,
📌 Оқушылардың тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамыту,
📌 Мәдени өзара әрекеттесуді нығайту.

📚 Қойылым тақырыбы:
Қатысушылар 📖 Бердібек Соқпақбаев шығармалары негізінде қойылым ұсынады.

🗣 Тіл: Мемлекеттік тіл.
👥 Қатысушылар: Әр білім беру мекемесінен 5-7 сынып оқушыларынан құралған 1 топ (10 адамға дейін).

📆 Байқау кезеңдері:
1️⃣ Іріктеу кезеңі (онлайн) – Бейнеқойылымдарды 2025 жылдың 5 ақпанына дейін жіберу қажет.
2️⃣ Қорытынды кезең – Онлайн іріктеуден өткен топтар қатысады.

🎥 Бейнеқойылым талаптары:
✅ Актерлер жанды дауыста ойнауы керек,
✅ Формат: mp4 немесе avi, ұзақтығы 10 минутқа дейін,
✅ Тақырыбы, авторы, мекеме атауы көрсетілген титулдық кадр болуы қажет,
✅ Бейнеролик YouTube-ке жүктеліп, сілтеме ұсынылады.

🎁 Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтіп тұр!
📝 Қатысу үшін сұранысты 5 ақпанға дейін жолдаңыз.

Барша қатысушыларға сәттілік! 🌟