2025 жылы 24-28 наурыз күндері
Астана қаласының білім беру мекемелерінен:
International School Zerdeli
International School of Nur-Sultan City XVIII республикалық математикалық «Бастау» олимпиадасы Республикалық физика-математикалық мектеп базасында өтті.
Олимпиаданың республикалық кезеңі 3 турда ұйымдастырылды:
І тур — «Әу, баста!» (командалық сынақ);
ІІ тур — «Көкпар» (командалық сынақ);
ІІІ тур — «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).
Нәтижелер:
Жалпыкомандалық жеңімпаздар:
«Бас жүлде» — International School of Nur-Sultan City мектебінің командасы;
І орын — International School Zerdeli мектебінің командасы. Жеке нәтижелер:
ІІ орын — Свитин Илья, International School of Nur-Sultan City мектебінің 2-сынып оқушысы;
ІІ орын — Марат Амирали, International School of Nur-Sultan City мектебінің 3-сынып оқушысы;
ІІІ орын — Баймуратов Жангирхан, International School of Nur-Sultan City мектебінің 4-сынып оқушысы;
ІІІ орын — Көшер Дінмұхамед, International School Zerdeli мектебінің 3-сынып оқушысы;
Грамота — Нұрахмет Нұркелді, International School Zerdeli мектебінің 4-сынып оқушысы.
Республикалық математикалық «Бастау» олимпиадасының жүлдегерлерін, ата-аналарын және оларды дайындаған мұғалімдерін құттықтаймыз!














