📢 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 🏫 Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, 🗓 2025 жылдың 12 наурыз күні 8-10 сынып оқушылары мен педагогтер арасында 📖 қара өлеңнің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, әдебиет әлеміне ғұмырын арнаған ақын ✍️ Ғафу Қайырбековтің шығармашылығына арналған қалалық «Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізетінін хабарлайды.
🗣 Байқау мемлекеттік тілде өтеді.
🎯 Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Ғафу Қайырбековтің 📝 шығармаларын насихаттап, 📚 көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, 🗨 әдеби тіл байлығын, 🎭 көркемсөз оқу шеберлігін, 🎙 шешендік өнерін дамыту.
📌 Байқау ережеге (қосымша) сәйкес төрт номинациядан тұрады:
🔹 «Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» номинациясы – Ғафу Қайырбеков шығармаларын (поэзия, проза) жатқа оқу 🎤
🔹 «Ғафу стиліндегі ұлттық свитшот дизайны» – ұлттық бренд номинациясы 👕
🔹 «Арт-жоба» номинациясы 🎨
🔹 «Өлең-менің серігім» педагог-ақындар номинациясы ✒
📍 Өтетін орны: Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы 🏫 (С. Сейфуллин көшесі, 19).
⏰ Басталуы: сағат 09.00.
🕰 Тіркеу: сағат 8.30 — 9.00.