? Бүгін Талдықорған қаласында республикалық «Ілияс Жансүгіров» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
? ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылы 14-16 мамыр аралығында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында 8-11 сынып оқушылар арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров» байқауы өтті.
? Қазақ поэзиясының асқар шыңы – Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған шараға елордалық 5 оқушы қатысты:
? Орал Рамазан (№101 ОМ, 9 сынып)
? Тлеуқұл Зере (№72 МГ, 11-сынып)
? Қақар Айша (№58 МГ, 10-сынып)
? Нұрғазы Нүргелді (№69 МГ, 9 –сынып)
? Салимбек Сымбат (№7 МГ, 9-сынып)
? Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша:
• «Ілияс — қарасөз шебері» номинациясында Астана қаласындағы №101 орта мектептің 9-сынып оқушысы Орал Рамазан 2-орынды иеленді.
• №72 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Тлеуқұл Зере «Сұлу сөздің сүлейі» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.
? Жүлдгерлерді құттықтаймыз!