? Робототехникадан «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық олимпиадасының «Fibonacci Robot Olympiad Kazakhstan» республикалық кезеңі өтеді

? 2025 жылы 15-16 наурызда «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «AZ GROUP LLC» білім беру компаниясының ұйымдастыруымен Астана қаласында робототехникадан «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық олимпиадасының «Fibonacci Robot Olympiad Kazakhstan» республикалық кезеңі өтеді.

? Назарбаев университетінің базасында өтетін олимпиадаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен республикамыздың барлық өңірлерінен 650 команда қатысады. Командалар https://az-group.kz/ сайты арқылы алдын ала тіркеуден өткен.

Олимпиаданың мақсаттары:

  • Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуды ынталандыру,
  • Робототехника мен ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу,
  • Жастар арасында инженерлік кәсіптердің беделін арттыру.

Олимпиада келесі категориялар бойынша өткізіледі:

  1. Инновациялық жобалар
  2. Lego Line Following
  3. MakeBlock Line Following
  4. Arduino Line Following
  5. Lego Sumo 1 кг
  6. Lego Sumo 3 кг
  7. Mini Sumo
  8. Автономды көлік жарысы
  9. Лабиринт шешу
  10. Қыздар триатлоны
  11. Rally Drone жарысы
  12. FootBot Lego лигасы
  13. Junior Start Up (мектепке дейінгі ұйымдар үшін).

Өтетін күні: 2025 жылы 15-16 наурыз
⏰ Өтетін уақыты: сағат 08:30–19:30
Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 53, Nazarbayev University

? Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! ?