?️ 2025 жылы 14-16 мамыр аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылар арасында республикалық «Iлияс Жансүгіров» байқауы өтеді.
?️ Республикалық байқаудың қалалық кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық байқауға қатысуға жолдама алған астаналық оқушылар бүгін Талдықорған қаласына жолға шықты.
? Қазақ поэзиясының асқар шыңы – Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған шараға елордалық 5 оқушы қатысады.
?? Астана қаласындағы №101 орта мектептің 9 сынып оқушысы Орал Рамазан — «Ілияс — қарасөз шебері»,
?? №72 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Тлеуқұл Зере — «Сұлу сөздің сүлейі»,
?? №58 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қақар Айша — «Ілияс – эпик ақын»,
?? №69 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Нұрғазы Нүргелді — «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап»,
?? №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Салимбек Сымбат — «Заманның заңғар тұлғасы» номацияларында өнер көрсетеді.
? Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз!