? «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес XVІІІ «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңін 2025 жылғы 13 мамырда ? №54 «Нұр-Ай» (Алматы к. 6) ұйымдастырып өткізетінін хабарлайды.
? Мақсаты:
Балабақшалардың балаларды мектепке дайындау жоспары аясында олардың танымдық қабілетін және интеллектуалдық іс-әрекетке қызығушылығын анықтау және дамыту.
? Қатысушылар:
Балабақшалардың мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері.
? Ережеге сәйкес:
Олимпиаданың қалалық кезеңіне аудандық кезеңде жүлделі ? І, ? ІІ, ? ІІІ орындар алған тәрбиеленушілер қатыса алады.
? Қалалық кезең бойынша:
? Қатысушыларды тіркеу: 08.00–08.45
? Басталуы: 09.00
? Олимпиаданың қорытындысы «Астана дарыны» ДБмТЖАжҚО телеграм каналына қойылады.
? Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге берілетін І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар,
? Қатысушыларға сертификаттарды Jetistik.kz сайтынан қатысушының ЖСН арқылы жүктеп алады,
? QR код құжатты растайды.
? Қатысушыларға сәттілік тілейміз!