?️ 2025 жылдың 10-16 мамыр аралығында Колумбус қаласында (АҚШ) «Regeneron ISEF-2025» халықаралық инженерлік ғылым мен технология көрмесі өтеді.
? Аталған көрме – АҚШ-та өтетін әлемдегі ең беделді ғылыми жобалардың бірі.
? 1950 жылы негізі қаланған дәстүрлі көрмеге жыл сайын 100-ден астам елден 2000-нан аса білімпаз қатысып, өз жобаларын ұсынады.
? Биылғы жылы өтетін «Regeneron ISEF-2025» халықаралық көрмесіне елордалық екі оқушы қатысады:
? №4 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Сатыбальдин Батырхан – химия секциясы бойынша,
? «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Серік Алихан – математика секциясы бойынша өнер көрсетеді.
✈️ Халықаралық аренада бақ сынайтын қазақстандық білімпаздарға сәттілік тілейміз! ??