? «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ? Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, ? 2025 жылдың 12 наурыз күні 8-10 сынып оқушылары мен педагогтер арасында ? қара өлеңнің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, әдебиет әлеміне ғұмырын арнаған ақын ✍️ Ғафу Қайырбековтің шығармашылығына арналған қалалық «Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізетінін хабарлайды.
? Байқау мемлекеттік тілде өтеді.
? Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Ғафу Қайырбековтің ? шығармаларын насихаттап, ? көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, ? әдеби тіл байлығын, ? көркемсөз оқу шеберлігін, ? шешендік өнерін дамыту.
? Байқау ережеге (қосымша) сәйкес төрт номинациядан тұрады:
? «Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» номинациясы – Ғафу Қайырбеков шығармаларын (поэзия, проза) жатқа оқу ?
? «Ғафу стиліндегі ұлттық свитшот дизайны» – ұлттық бренд номинациясы ?
? «Арт-жоба» номинациясы ?
? «Өлең-менің серігім» педагог-ақындар номинациясы ✒
? Өтетін орны: Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы ? (С. Сейфуллин көшесі, 19).
⏰ Басталуы: сағат 09.00.
? Тіркеу: сағат 8.30 — 9.00.