«Qabilet» қызметі – 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін анықтау ұлттық жүйесі»

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылып отырған «Ел Үміті» бастамасы аясында «Qabilet» қызметінің «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін анықтау» жобасы өз жұмысын жалғастырады.

Жоба мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру.

 Қабілеттерді анықтаудың негізгі құралы – тесттер. Қабілеттерді диагностикалау әдістемесі қазіргі заманғы ең үздік әлемдік тәжірибені, дарындылық пен құзыреттілікті заманауи түсінуге негізделген «4К» – XXI ғасырдың басты құзыреттілігін (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік) пайдалануды көздейді.

Нұр-Сұлтан қаласының 10-11 жастағы оқушыларын тестілеуден өтуге шақырамыз. Қызмет тегін ұсынылады және әр оқушыға қолжетімді.

Тестілеуден өту үшін:

         https://qabilet.elbasyacademy.kz  сайтына өту қажет;

         сайтта тіркеліп, жеке кабинетте тестілеуден өтіңіз;

         ЖСН білу және өзімен бірге қолданыстағы телефон нөмірі болуы қажет, оған сайтта тіркелгенін растайтын СМС хабарлама келеді.

Тестілеуден үйде өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, оқушылар «Астана дарыны» ДДжПС орталығына барып, тестілеуді орталықта офлайн тапсыра алады.

 

Сұрақтар туындаған жағдайда «Астана дарыны» ДДжПС орталығы  «Qabilet» қызметінің 20-26-83 нөміріне немесе 8 800 080 48 48 Call орталыққа хабарласуға болады. Call орталық (күн сайын) сағат 9.00-18.00 аралығында Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша жұмыс істейді. Call орталыққа қоңырау шалу тегін.