«Мамандыққа саяхат» тақырыбында тренинг

«Астана дарыны» ДДжПС орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18-22 сәуір аралығына жоспарланған елорда мектептері (№№42,18,49,68) түлектерінің моральдық-психологиялық хал-ахуалын арттыру мен болашақ мамандықтарын таңдау жолында бағыт бағдар беру мақсатында арнайы тренингтік іс-шаралар өткізілді. Тренинг барысында оқушылар командалық жұмыс жасау мен ой ұшқырлығын көрсете білді (фантазия, қабілет, шеберлік…). Сонымен қатар тренинг соңында оқушылар бір-біріне өздерінің ізгі тілектерін білдірді.