Қабілет

Оқушыларға арналған жадынама

Мамандық таңдау – сіздің өміріңізде күрделі және жауапты қадам. Болашақ мамандықты  кездейсоқ жағдаймен байланысты таңдамаңыз. Кәсіби ақпаратты қолданыңыз. Мамандықты таңдауда өз қабілеттеріңізді, ішкі  сенімдеріңізді ескеріп  (тек немқұрайлы адамдар ғана қайда баратынын білмейді) және нақты мүмкіндіктердің барлығын «оң» және «теріс» жақтарын таразылап таңдау жасау керек.

Осы мақсатпен:

  • Өзіңізді тереңірек біліңіз: өз мүддеңіз (сізді не қызықтырады және мамандығыңыз ретінде қандай таңдау жасай аласыз), бейімділігіңіз, мінез-құлық ерекшеліктеріңіз және физикалық мүмкіндіктеріңізді ескеріңіз.
  • Өзіңіздің қызығушылығыңыз бен қабілеттеріңізге сәйкес келетін мамандықтармен байланыс орнату қажет. Көп кітаптар, мақалалар, журналдар оқыңыз.
  • Алдын ала таңдалатын мамандықты немесе ұқсас мамандықтар тобын белгілеңіз.
  • Таңдайтын мамандықтардың өкілдерімен кездесіп әңгімелесуге, осы мамандардың жұмыс орнына баруға, еңбек мазмұнымен  және жағдайларымен танысуға тырысыңыз. Іс жүзінде өз күшіңізді қалай, қайда және қашан сынап көруге болады деп ойлаңыз!
  • Таңдаған мамандық бойынша  білім беретін оқу орындарымен танысыңыз.
  • Жеке қасиеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді өзіңіз таңдаған мамандық сипатымен салыстырыңыз.
  • Шешім қабылдап, қиындықтар алдында шегінбеңіз. Белгіленген мақсаттарға жетуде табанды болыңыз!