Астана қаласы білім беру мекемелері оқушылары арасында өткен «Көшбасшы- оқушы» интеллектуалдық конкурсының іріктеу кезеңі бойынша ақпарат

21.10.2017 10:27 Daryn
Басып шығару

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Астана қаласы білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылып лған «Көшбасшы-оқушы» интеллектуалдық конкурсының іріктеу кезеңін №3 мектеп-гимназиясында 2017 жылғы 18 қазанда өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты  зияткерлік  қабілеті жоғары, қоғамдық  өмірмен белсенді байланыс орната алатын, көшбасшылық қабілеті жоғары,   шешен сөйлей білетін жеке тұлғаны анықтау.

Іріктеу кезең 6-10 сыныптар бойынша Қазақстан тарихы пәнінен тест түрінде өтті. Барлығы 39 мектеп қатысты. Қалалық кезеңге 30 - 40 ұпай алған  12 мектептің қатысушылары өтті. Олар: №№64, 76, 4, 70, 62, 30, 6, 48, 66, 38, 3, «Білім-инновация».