«Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу қалалық конкурсы

20.09.2017 11:21 Daryn
Басып шығару

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес сөз өнеріне қабілетті, дарынды балаларды анықтау, қолдау мақсатында 2017 жылғы қазан айының 18-і күні Астана қаласы  білім беру  мекемелерінің 2-3 сынып оқушылары арасындағы «Сөз құдіреті»  мәнерлеп оқу қалалық конкурсы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында (Бөкейхан көшесі 1) өтеді.  Білім беру мекемелерінің әр  параллелінен  1 оқушыдан қатысады.

 

Конкурс ІІІ кезеңнен  тұрады:

І кезең – Астана қаласы білім беру мекемелерінде 2017 жылдың 25 қыркүйегіне   дейін өткізілуі керек;

ІІ кезең- қалалық іріктеу кезеңі әр қатысушы өздері таңдап алған, мектеп бағдарламасына енбейтін прозалық шығармадан үзінді оқып, алдын ала бейнежазбаға түсіріп, ұйымдастыру комитетіне әкеліп береді;

ІІІ (қалалық) кезең- алдын ала дайындап әкелген бейнематериалдары арқылы іріктеліп алынған мектеп оқушылары арасында өтеді.