Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2017 жылғы республикалық олимпиаданың IIІ (қалалық) кезеңі туралы қорытындысы

21.10.2009 06:25 Басқарушы
Басып шығару PDF

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 7 қарашасындағы  №638 «2016-2017 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2017 жылдың  5-6 қаңтар аралығында №6 гимназия  мен №66 мектеп-лицейінде  Астана қаласы білім беру мекемелерінің   9-11- сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІIІ (қалалық) кезеңі  өткізілді.

Олимпиада мақсаты: дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың  тұтас  жүйесін қалыптастыру, жеке пәндер бойынша ерекше дарындылық танытқан Астана  қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары немесе жеке пәндер  бойынша аса дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.

Олимпиада  жалпы білім беретін 15 пән бойынша өткізілді: №6 гимназия базасында - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі  және  әдебиеті, қазақ  тілінде оқытатын мектептердегі орыс  тілі, тарих, құқықтану негіздерінен, француз тілі,  ағылшын тілі, неміс тілі пәндерінен, №66 мектеп-лицейі базасында - математика, физика,  химия, биология, география, информатика пәндерінен  өтті. Олимпиадаға Астана қаласының мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінен республикалық олимпиаданың IІ (аудандық) кезеңінен І, ІІ, ІІІ орын алған және дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің, дарынды қыз балаларға  арналған қазақ-түрік лицейінің, оқушылары, сонымен қатар Республикалық, Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, олимпиадалық резерв командаларының мүшелері   барлығы 881 оқушы  қатысты. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша-450 оқушы, жаратылыстану-математика бағыты бойынша - 431 оқушы қатысты. Астана қаласы бойынша 71 білім беру мекемелерінен сұраныс түсті.

Қазылар алқасының шешімімен  Олимпиаданың II турына 577 оқушы өтті.

Қазылар алқасының құрамында  Астана қаласының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының  64 кәсіби шебер, білімді де білікті, тәжірибелі ғалымдары қызмет атқарды.

Қазылар алқасының шешімімен I орынды 50 оқушы, II орынды 97 оқушы,  III орынды 162 оқушы иеленді.




Жаңартылған 01.03.2018 11:55

Государственные символы

Астана уақыты

Субменю

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz