Республикалық «Яссауитану» білім байқауының қалалық кезеңі

15.09.2018 10:36 Администратор
Печать PDF

 

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Тілдер айлығы» шеңберінде және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сонау XI – XII ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірін танып, хикметтерін насихат етуге арналған Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Яссауитану» Республикалық білім байқауының қалалық кезеңін 2018 жылы қыркүйек айының 7- сі күні №51 мектеп-гимназиясында өткізді.
«Яссауитану» білім байқауының мақсаты – мектеп оқушылары арасында Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың еңбегін танытып, хикметтерін насихат ету. Сонымен қатар баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.
Байқауда Яссауи бабамыздың хикмет ілімін және дүниетанымдық философиясын зерттеп жүрген мамандар, рухани мұралармен таныс мұражай ғылыми қызметкерлері төрелік етті.
Байқауға №2, №52, №56, №58, №67, №70, №84 мектеп оқушылары қатысты.
Қатысушылар екі кезең бойынша сайысқа түсті.
1. «Кіл жүйрікте,кім жүйрік?» 
Мақсаты – оқушылардың хикметтерді қаншалықты деңгейде игергендігін, зейін мен зерде қабілетін сынға салу.
2. «Білімді мыңды жығады...»
Мақсаты Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Яссауидің өмірі, шығармашылығы, хикметтегі ұғымдар, кесененің және ондағы жәдігерлердің тағылымдық мәні жайлы қатысушылардың білімдерін сарапқа салу, оқушылардың ойлау деңгейін, хикметтердегі рухани ұғымдарды қаншалықты түйсінгендігін айқындау.
Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша екі кезеңнен жоғары ұпай жинаған сайыскерлер диплом грамоталармен марапатталды:
I орын - №58 МГ
II орын - №67 МГ
Грамота - №58 МГ 
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Яссауитану» Республикалық білім байқауы 2018 жылғы қыркүйек айының 20-21 күндері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өтеді.
Білім байқауының республикалық кезеңіне қатысу үшін қалалық кезеңде жүлделі I,II орын алған қатысушыларға жолдама берілді.
Әулиелердің сұлтаны,Түркістан пірі,Әзірет Сұлтан атанып,құрметті есімдерімен белгілі болған Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың мұрасын терең меңгертіп, хикметтерін насихаттау жолындағы өткізіліп жатқан игілікті іс-шараға қатысушы елордалық өрендерге білім байқауында биіктен көрініп «Елорда мақтанышы» болуларына тілектестік білдіреміз!

 

Обновлено 15.09.2018 10:36

Государственные символы

Время Астаны

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz