Қ.Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада қорытындысы

21.10.2009 06:25 Басқарушы
Басып шығару PDF
Жаратылыстану-математикалық бағытқа бейімі бар дарынды жасөспірімдерді анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында 2013 жылдың 27-30 мамыры аралығында Павлодар облысы, Баянауыл ауылы, «Жас дәурен» оқу-сауықтыру кешені базасында Павлодар облысы Білім басқармасының «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында Қ.И.Сәтбаев атындағы ІІ Халықаралық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға  Қазақстанның барлық өңірлерінен, Ресейдің Сааха Республикасынан, Омбы және Новосибирск қалаларынан барлығы 43 команда, оның ішінде құрамында 4 оқушысы бар (№6 Г, №60 МЛ) Астана қаласының командасы да қатысты.
Олимпиада екі бағытта (математикалық және жаратылыстану-ғылыми), екі кезеңде өтті: 1-ші кезеңде оқушылар математика, физика, химия және биология пәндерінен ықпалдандырылған тапсырмалар орындады; 2-ші кезеңде жеке пән бойынша есептер шығарды.
Астана қаласының №60 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Әскерғали Әнуар математика пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен, №6 гимназияның 8-сынып оқушысы Мурзабекова Азель физика пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Олимпиада аясында математика пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Оқушыларды олимпиадаларға дайындаудағы сұрақтар мен келелі мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Оқушылар бос уақытта Баянауыл шипажайының аймағы бойынша экскурсия жасады, әр-түрлі интеллектуалдық, спорттық ойындар мен би кешіне қатысты.


Жаңартылған 30.05.2014 09:18

Государственные символы

Астана уақыты

Субменю

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz