МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН Х ҚАЛАЛЫҚ «ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

13.05.2016 00:00 Басқарушы
Басып шығару PDF

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН Х ҚАЛАЛЫҚ  «ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі дайындық тобының балалары арасында Х қалалық  «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасын 201 жылғы мамыр айының 12-13 күндері №54 «Нұр-Ай» және №32 «Балдәурен» балабақшаларында ұйымдастырып өткізді.

Интеллектуалдық олимпиаданың мақсаты балаларды мекетепке дайындауда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің рейтингісін көтеру болып табылады.

Олимпиаданың міндеттері:

-балабақшаның дайындық тобындағы балалардың қабілеттері, бейімдері мен қызығушылықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау;

-балалардың танымдық белсенділігін дамыту;

-мектепке дейінгі тәрбиеленушінің интеллектуалдық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.

Интеллектуалдық олимпиадаға мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің дайындық топтары 74 балабақшадан 73 қазақ тілінде, 40 орыс тілінде оқып, тәрбиеленетін балалары қатысты.

Қатысушылар мектеп алды дайындық бағдарламасы бойынша «жұлдызды» станцияларға тоқтап олимпиадалық тапсырмаларды орындады:

-«қызыл жұлдыз» - математика және логика;

-«сары жұлдыз» - сауат ашу;

-«көгілдір жұлдыз» - тіл дамыту;

-«жасыл жұлдыз» - айналаны қоршаған ортамен таныстыру.

Интеллектуалдық олимпиадаға қатысушыларға тілдік қорын, логикалық және шығармашылық ойлауын, қоршаған орта туралы түсінігін қамтыған тапсырмалар берілді. «Жұлдызды» станциядағы тапсырма 5 балдық жүйемен бағаланды, жоғарғы жиналған балл 15, ал 4 «жұлдызды» станциялардағы    қорытынды балл 60 болды.

Тәрбиеленушілердің орындаған тапсырмаларын бағалап, жинаған балл санына сәйкес орындар тағайындалды (қазақ тілінде оқып тәрбиеленуші топтар):

Бас жүлде - 1 (№37 «Арман» б/б);

I орын - 5 (№15 «Дарын» б/б, №33 «Алтын дән» б/б, №42 «Бәйшешек» б/б, №54 «Нұр-Ай» б/б, «Қарлығаш-2»ҚРПІБМО , «Нұрбақыт» б/б);

II орын8 (№1 «Бәйтерек» б/б, №10 «Бөбек» б/б, №29 «Аққайың» б/б, №31 «Ақсұңқар» б/б, №38 «Шаттық»б/б, №53 «Мерей» б/б, №56 «Береке»б/б,        №67 «Шұғыла» б/б);

III орын – 10 (№5 «Ақбота» б/б, №21 «Гүлдер» б/б, №26 «Үміт» б/б, №27 «Балауса» б/б, №30 «Қайнар» б/б, №32 «Балдәурен» б/б, №55 «Қарақат» б/б, №60 «Арай» б/б, №63 «Арай» б/б, №73 «Аяулым» б/б);

Грамота10 (№11 «Гауһар» б/б , №23 «Алтын бесік» б/б, №24 «Айналайын» б/б, №33 б/б-бастауыш мектеп кешені, №39 «Меруерт», №43 «Қызғалдақ» б/б, №47 «Ақ желкен» б/б, №71 «Мөлдір» б/б, «Қарлығаш-1»ҚРПІБМО, №77 «Қошақан» б/б).

Орыс тілінде оқып тәрбиеленуші топтар бойынша:

 

Бас жүлде1 (№27 «Балауса» б/б);

I орын3 (№21 «Гүлдер» б/б, №32 «Балдәурен» б/б, №30 «Қайнар» б/б);

II орын4 (№8 «Думан» б/б, №10 «Бөбек» б/б, №14 «Ақбөпе» б/б, №46 б/б-мг кешені);

III орын – 6 (№6 «Көктем» б/б, №13«Тұлпар» б/б, №26 «Үміт» б/б, №34 «Ақ бидай» б/б,«Қарлығаш-1»ҚРПІБМО, №12 б/б-б/м кешені);

Грамота 10 (№68 «Балбұлақ» б/б, №53 «Мерей» б/б, №35 «Ертегі» б/б, №33 б/б-б/м кешені, №22 «Әлем», №16 «Шағала», №12 «Қарлығаш» б/б, №4 «Аружан» б/б, №3 «Күншуақ»)

Х қалалық «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасын ұйымдастыруда оразан зор үлесі үшін №54 «Нұр-Ай» (меңгерушісі З.М.Иманбаева) және №32 «Балдәурен» (меңгерушісі М.Ы.Махамбетова)  балабақшаларының ұжымына алғысымызды білдіреміз.



Жаңартылған 05.12.2016 12:01

Государственные символы

Астана уақыты

Субменю

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz