Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушылары арасындағы конкурстың қорытындысы

23.11.2016 00:00 Daryn
Басып шығару PDF

«Астана  дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2015 жылдың 19 қарашасында сағат 10.30-да  Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы, 5), 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында  қала мектептерінің көшбасшы оқушылары арасындағы «Елордалық білім беру мекемелерінің  көшбасшы оқушылары» конкурсын  өткізді.

1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды.

Жыл сайын белгілі тақырыптар қамтылады.

Ағымдағы жылғы конкурс тақырыбы «Қазақстан ғалымдары».     Онда: геолог ғалым, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, техника ғылымының докторы ретінде өз саласына үлкен еңбектер қалдырған. Әдебиет пен өнерге, әсіресе аударма ісіне қатысты толғамды тұжырымдар білдірген,  академик Евней Арыстанұлы Букетов сияқты ғалымдар қамтылды. Мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, математикадан тұңғыш қазақ профессоры Әлімхан Әбеуұлы Ермеков.

Конкурстың мақсаты:

Өсіп келе жатқан жастардың бойына ұлттық патриотизмді қалыптастыру, ғылымға деген қызығушылықтарын және көшбасшылық қасиеттерін арттыру.

Міндеттері:

-         Ел табысы мен жетістіктерін құрметтейтін жас қазақстандық патриот келбетін  қалыптастыру;

-         жастардың болашаққа ұмтылысы мен мақсатының ортақтығын нығайту.

Конкурсқа Астана қаласы білім беру мекемелерінің 10- сынып оқушылары қатысты.

Конкурс ІІ кезеңнен тұрады:

-бірінші іріктеу кезеңі;

-екінші ақтық  кезең.

Қатысушылар алдымен тест сұрақтарына жауап беріп, эссе жазу арқылы іріктеу кезеңінен өтті.

Ақтық кезеңге 16 оқушы қатысты.   Ақтық кезең  3 бөлімнен тұрады.

  • 1-кезең «Бәйге» (жалпы мектеп бағдарламасы бойынша сұрақтар);
  • 2-кезең «Қазақстан ғалымдары: Қ.Сәтбаев, Е.Букетов, Ә.Ермеков»;
  • 3-кезең «Оратор».  Берілген тақырып бойынша  спич.

Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылар келесідей нәтижелерге ие болды:

Бас жүлде – Асылбекова Айсулу,  № 60 МЛ;

І орын  –    Еманғалиева Камила,  №40 ОМ;

ІІ орын –    Базархан Дамир, № 52 МГ;

Әбілбеков Адал,  №64 МЛ;

ІІІ орын –  Турсунканова Анель,  № 62 МЛ;

Курамысова Ақниет,  № 66 МЛ;

Досболов Диасжан,  №38 МЛ;

Номинация алған оқушылар:

  1. «Дарын»  –  Кенжебай Гулнази, №9  «Зерде» ДБМ;
  2. «Зияткер»  – Нурсейтова Айгерим, №31 МГ;
  3. «Білікті» –        Әбілдина Гүлфайруз,  №4 МГ;
  4. «Сөз шебері» -  Ягмурова Эмма,  № 3 МГ;
  5. «Алғыр» –     Дәрменов Абылай,  №76 МГ;

6. «Зерек» -        Хамитова Камила, ҚТЛ  (қ);

7. «Тапкыр» -     Еркебай Шынғысхан,  №71 МГ;

8.  «Дана» -        Нариман Айрика,  №17 МГ.

9. «Көрермен козайымы» -  Шералы Нұрдәулет,  №70 МЛ

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Конкурсты  «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізді. Осы жылы таңдалып алынған тақырып өзекті және оқушылар үшін аса қажет. Жас ұрпақты ғылымға баулу жолында берері мол болды.

Жаңартылған 06.12.2016 12:03

Государственные символы

Астана уақыты

Субменю

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz