«Latyn álіpbıі» қалалық кіші олимпиадасының қорытындысы

10.11.2015 09:33 Daryn
Печать PDF

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығыЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген маңызды бағытының бірі- латын әліпбиіне көшуді жүзеге асыру мақсатында «Latyn álіpbıі» қалалық кіші олимпиадасын 2018 жылғы қыркүйек айының 20-сында  №76 мектеп-лицейінде пилоттық режимде латын әліпбиі бойынша жұмыс атқарып бастап жатқан білім беру мекемелері арасында өткізді.

 

Олимпиаданың мақсаты: Жасөспірімдер  арасында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттау,  тілдік білімдерін жетілдіру.

Командалық олимпиада Ережеге сәйкес V айналым бойынша өтті.    Астана қаласындағы латын әліпбиі бойынша пилоттық режимге көшкен білім беру мекемелерінен құралған 8 команданың  (5 мектеп, 3 колледж) дайындығы өте жоғары дәрежеде болды. Командалар латын әліпбиі бойынша алған білімдерін олимпиадалық тапсырмаларды орындау барысында көрсете білді.

Қалалық кіші олимпиадаға қазылық жасап, жасөспірімдердің білімін бағалап, әділ бағасын берген  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығының қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.

  1. Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі білім беру мекемелері жүлделі орындарға ие болды:

І дәрежелі диплом - №77 мектеп-гимназиясы;

ІІ дәрежелі диплом - №76 мектеп-лицейі, №68 орта мектебі;

ІІІ дәрежелі диплом- №40 орта мектебі, №67 гимназия, Гуманитарлық колледж;

Грамота- Көпбейінді колледж, Политехникалық колледж.

Жаңа оқу жылын жағымды жетістіктермен бастап жатқан, жүлделі орын

алған білім беру мекемелерін жеңістерімен құттықтаймыз!


Обновлено 21.09.2018 15:57

Государственные символы

Время Астаны

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz