«Экспо-2017» шеңберінде «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумы

26.10.2015 10:52 Daryn
Басып шығару PDF

Орал қаласында 2017 жылы 22-23 қыркүйекте «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өтеді.

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Жасыл оазис» номинациясы;

2. Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері»;

3. «Құс қанатындағы арман» экологиялық акциясы;

4. «Экоәлем» номинациясы;

5. «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы;

6. «Жасыл экономика» номинациясы;

7. «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы;

Астана қаласы  білім беру мекемелерінен  дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі, №40 орта мектебі, №52 мектеп-гимназиясы, №66 мектеп-лицейі, № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушылары қатысады.

Форумның жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтер алғыс хаттармен марапатталады, Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Жаңартылған 21.09.2017 16:17

Государственные символы

Астана уақыты

Субменю

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz