Семинарлар, конференциялар, фестивальдар

29.01.2013 09:21 Басқарушы
Басып шығару PDF
«Практикалық психолог білім жүйесінде» атты әдістемелік және ғылыми-практикалық зерттемелері қалалық конкурсының ережесі
1.Жалпы ережелер
1.1.«2012-практикалық психологы білім жүйесінде» -қалалық конкурсы (ары қарай Конкурс) талантты, жоғарғы кәсіптік шебер педагог-психологтардың өз іс тәжірибелерімен бөлісіп және де Астана қаласының білім мекемелерімен бірге қызмет істеу қабілеті бар педагог-психологты анықтау мақсатында өткізіледі.
1.2.Конкурстың негізгі міндеттері:

-білім беру мекемесіндегі педагог-психологтардың қызметінің мәнін, маңызын көтеру;
-білім беру мекемесімен байланысын нығайту;
1.3. Конкурсқа білім беру мекемелеріндегі барлық категориядағы педагог-психологтар қатыса алады. Санаты, еңбек өтілі, жасына шек қойылмайды. Конкурсқа қатысу еркін.
2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
2.1.Ұйымдастыру комитеті Конкурстың жүргізілу тәртібін, өту уақытын, бағалау критерилерінің ұйымдастырылуын үйлестіреді. Конкурстың жеңімпаздарды іріктеудегі ең негізгі критериі авторлық зерттеме жұмысының шынайылығы, жарқыраған және күтпеген жаңалықтарға толы психотехникалық түрленген жұмыс болуы, сонымен бірге:
-жұмыстың тақырыбына сай болуы;
-әдістемелік зерттемесінің тақырыбына мақсатының сәйкес келуі;
-әдістемелік зерттемелердің мақсатына жету үшін қойылған міндеттердің біртұтастығы;
-тақырыбының, мақсат,міндеттерінің нақты қойылуы;
-арнаулы терминдерді қолданудың негізділігі;
-қолданылған әдістемелік құралдарды нақты беру;
-нәтижелерін нақты, анық жазу;
-жазылған қорытындының нақты және біртұтастығы;
- қорытындының қойылған мақсаттан шығуы;
-әдістемелік зерттемедегі нәтижелерді нақты тәжірибеде қолдануды анық, ашып жазу;
- әдістемелік зерттемелерді қолданудың мүмкіндігі;
Конкурсқа жіберілетін материалды барлық қойылған талапқа сай рәсімдеу керек. Конкурсқа жіберілетін жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Апелляция болмайды.

2.2.Конкурс келесі номинациялармен бағаланады:
2.2.1.Әдістемелік жаңалық: әр жастағы мектеп оқушыларын психологиялық қолдау.
2.2.2.Топта жұмыс істейміз: психологтың пән мұғалімдерімен, ұстаздармен, ата-аналармен бірлескен жұмысы.
2.2.3.Түпнұсқалы, нақты шешім: жаңаша тренинг, ойын, жеке және топтық жұмыстар.
2.3.Әр номинацияға 3 орыннан беріледі (1 бірінші, 1 екінші, 1 үшінші орын).
3.Конкурсқа қатысу жағдайы
3.1. Зерттеме жұмыстар практикалылығымен, нақты мазмұндылығымен, психологиялық жұмыстехнологиясының қолдану аясының кеңдігімен ерекшелену керек.
3.2.Қызықты және пайдалызерттеме жұмыстары жинаққа кіреді.
4.Жинаққа шығатын жұмысқа қойылатын талаптар
4.1.Жұмыс авторының толық аты-жөні көрсетілуі керек. Жұмыс электронды түрдк 10 беттен аспау керек, шрифт Times New Roman, кегль 14, бір интервал болуы керек. Поля: барлығы-2 см. Азат жолдан-1,3 см, ені бойынша теңестіріледі, тасымалданбайды, сол жағына кіші әріппен автордың аты-жөні, келесі жолға қызметі, мектебі, электронды адрес жазылады. Келесі жолдың ортасына майлы шрифтімен жұмыстың тақырыбы жазылады. Бір жолдан кейін-текст. әдебиеттер тізімін тезистің соңында жазу керек.
5. Сұраныс тапсыру 
Сұраныстар мына мекен-жай бойынша қазан айының 20-на дейін «2012-практикалық психологы білім жүйесінде» конкурсына деген атаумен қабылданады: «Астана дарыны» ӨҒПО, Мәскеукөшесі 41, №62 МЛ, 3 қабат, факс 398039,398342, электронды адрес: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

Инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі қалалық фестивалінің Ережесі
1. Жалпы ереже
1.1. Фестивальді Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми - практикалық орталығы  жыл сайын  өткізеді.
1.2. Фестивальдің мақсаты – талантты педагогикалық қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау; педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру  процесіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу және тарату.
1.3.Фестивальдің негізгі міндеттері:
-педагогикалық қызметкерлердің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру;
-инновациялық педагогикалық идеялар мен технологиялардың деректер базасын   кеңейту;
- кәсіби педагогикалық тәжірибені толықтыру;
-педагогтардың кәсіби қарым-қатынасының жаңа үлгісін және  байланыстарын құру.
2. Фестивальға қатысушылар
2.1. Фестивальға мектепке дейінгі және жалпы орта білім, қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері мен ұжымдары Астана қаласының педагогикалық кадрлар білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарының жұмыс нәтижесі қорытындыланған, тұрақты жоғары нәтижелерге жеткен (кемінде 3 жыл көлемінде) кәсіби деңгейі жоғары әдіскерлер қатыса алады.
2.2. Қатысушылардың педагогикалық еңбек өтіліміне және жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
3. Фестивальдің кезеңдері және өткізілу уақыты
3.1. Фестиваль бірнеше кезеңнен тұрады:
І кезең – мектепішілік.
ІІ кезең – қалалық (іріктеу және финал).
3.2. Өткізілу уақыты: жыл сайын 26 – 31 қазан күндері аралығында  жұмыстар өткізіледі. Жыл сайын  желтоқсанда Фестивалдың финалы өткізіледі.
3.3. Фестивалға қатысу үшін жыл сайын 20 қазанға дейін ұйымдастыру комитетіне (жазбаша және электронды) түрде сұраныстарды тапсыру қажет. Сұранысты және анкетаны форма бойынша (қосымша 1,2) мына мекен – жайға әкеліп тапсыру керек: «Астана дарыны» өңірлік ғылыми – практикалық орталығы, Московская көшесі 41, 3 қабат, тел. 398039(ф), 398342.
4. Фестивальды өткізу тәртібі
4.1.Фестивалдың іштей турына тек қана қызықты жобалардың авторлары шақырылады. Тексеруге өткізілген  жұмыстар қайтарылмайды және пікір жазылмайды.  Ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін жеңімпаздар анықталып Фестивалдың финалына шақырылады.
4.2.Қараша айының 20-на дейін финалистер анықталып, Фестивальдың финалына шақырылады. Қалалық Фестивальдің қатысушылары мен өту уақыты туралы мәліметтерді www.astanadaryny.kz сайтынан  20 қарашадан кейін білуге болады. Фестиваль болған күні қатысушылардың жұмыстарын плакат, фотография, макет т.б. арқылы көрсетуге болады. Қатысушылардың қорғау жұмыстары бір ғана секцияларға жіберіледі.
5. Материалдарды ұсыну формасы және ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар
5.1. Әзірленген материалдарды топтастыру ұсынылған жұмыстардың түріне қарай  жүзеге асырылады:
а) Оқу құралы – оқулыққа қосымша, барлық пәнді емес, бағдарламаның тек бір бөлігін (бірнеше бөлімін) қамтиды, оқу-құралының  оқулықтан өзгешелігі сараланғандығы ғана емес, ол көпшілікке танылған білім және ереже (көлемі 40 беттен кем емес).
б) Әдістемелік-оқу құралы – пәндерді (оның бөлімін, бөлігін) оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесі  бойынша материалдарды  құрайды.
Фестивальға мына оқу-әдістемелік құралдар ұсынылады:
мұғалімдерге арналған кітап (көлемі 40 беттен кем емес);
әдістемелік ұсыныстар (көлемі 20 беттен кем емес);
бақылау материалдары (көлемі 15 беттен кем емес).
в) Авторлық бағдарлама – мұғалімнің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру- мазмұндық үлгісінің әдістемелік тұжырымдамасы негізінде өзі жобалаған пәнді оқыту мен зерттеудің тәртібін, көлемін, мазмұнын анықтайтын оқу бағдарламасы  (көлемі  20 беттен кем емес).
г) Элективті курс – бейіналды дайындық және бейінді оқытуда қолдануға арналған оқу басылымы (көлемі 20 беттен кем емес).
Фестивальға ұсынылған әзірлемелер мына бағыттар бойынша жіктеледі:
Қоғамдық-гуманитарлық цикл (тіл және әдебиет, тарих);
Өнертану циклы (музыка, өнер, сызу);
Математикалық цикл (математика, информатика және ИКТ);
Жаратылыстану-ғылыми цикл (физика, химия, биология, география, астрономия, экология);
Жас педагог – жасы 30-ға дейінгі, 5 жылға дейін еңбек өтілімі бар мұғалімдер үшін;
Психологиялық қызмет көрсетудің тиімді технологиялары – педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар үшін;
Тәрбие технологиялары – сынып жетекшілер, тәрбиешілер, ұйымдастырушы -педагогтар үшін.
Фестивальға  қатысушы сайтта ұсынылған сауалнаманы электрондық нұсқада міндетті түрде толтыруы тиіс.
Сауалнама мына ақпараттардан тұрады:
1) жұмыстың тақырыбы.
2) білім беру бағыты.
3) автор немесе авторлық ұжым  туралы ақпарат (толық аты-жөні, пәні, сыныбы).
4) білім беру ұйымының аты.
5) қазақ және орыс тілдерінде толық аннотация (жұмыстың тақырыбы, пәні, мақсаты, міндеті, жұмысқа сипаттама, нәтижесі).
6) Фестиваль материалдарының жинағына енгізу және сайтқа орналастыру үшін әзірлеме тезистері. Тезистер Excel электронды кестеде барлық талаптарға сәйкес (қосымша 3) тапсырылуы тиіс.
7) байланыс ақпараты (жұмыс орны, қызметі).
8) мекен-жайы, электрондық поштасы.
5.2.Фестивальға қатысушы әзірлемені міндетті түрде жұмысты қолдану бойынша (кімдерге және қайда қолдануға болады) әдістемелік-пікірімен ұсынады.
Қатысушылар әзірлемелерінде міндетті түрде  ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (немесе келешекте қолдану болжамымен) қолдануы тиіс. Жіберілген материалдарда осы мәселе көрініс табуы тиіс.
5.3. Жұмыстың мәтіні тек идеясын ғана емес, сонымен бірге автордың жеке жұмыс тәжірибесі мен нәтижесінің сипатталуын қамтуы тиіс. Мүмкіндігіне қарай әзірлемені іске асыру үшін қажетті жағдай жасауды  (мысалы, сыныпта компьютер, проектор-мультимедианың болуы, дайындыққа қажет уақыт) көрсету.
Фестивальға қатысушыларды таныстыру үшін жұмыстың әдістемелік сипаттамасына шек қойылады. Әдістемелік сипаттаудың көлемі 10 парақтан көп болмауы тиіс. Нақтылығы мен қысқалығы қосымша бағаланады.
Ұсынылған материалдардың мазмұнына электрондық нұсқадағы атқарылған жұмыс жөніндегі есеп, қосымшасында білім беру процессіне, тұсау кесерге (презентацияға) берілген сабақтардан үзінділерді енгізуге болады. Тұсау кесер міндетті түрде сабақтың жоспары көрсетілген слайдтармен немесе әдістемелік түсінік арқылы әзірленеді.
Жұмысқа қосымшада:
- автордың берілген тақырыбы бойынша білім беруге сәйкес шығарылған оқу материалдары;
- оқу процессін ұйымдастырудағы иллюстрациялық материалдар;
- оқушылардың жұмыстары (нәтижесі).
5.4. Электрондық пошта арқылы жіберілетін файлдар жалпыға түсінікті ( А-4 форматты бет, 14 шрифт, Microsoft Office құжаттары) болуы тиіс. Фестивальға жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Жұмыстар қосымша құжаттармен рәсімделуі мүмкін: компетентті білім беру ұйымының өкілінен мөрленген, қол қойылған анықтама (пікір), фотоматериалдар, жұмысты жүргізу реттілігінің сипаттамасы.  Эксперттік комиссияның  бағалау барысында қосымша құжаттар  ескеріледі.
6. Фестивальдің қорытындысын шығару
6.1. Фестиваль жеңімпаздарын  іріктеудің негізгі критерийлері:
кәсіби қызмет жүйесін жинақталған түрде ұсыну шеберлігі;
тұжырымдамасы (автордың көзқарасы, негізгі идеясын көрсетуі);
жаңалығы (осы жоба бойынша);
жобаның, идеяның, принциптердің ғылымилығы, негізделгені;
технологиялығы, тәжірибе элементтерін басқа мұғалімдер арқылы жүргізу мүмкіндігі;
ақпараттарды қолданудағы авторлық құқықтың сақталуы;
педагогтың әдістемелік шеберлігі, инновациялық және дәстүрлі кәсіби қызметті байланыстырудың тиімділігі;
ұсынылған жұмыстардың білім беру стандарттары мен  оқу бағдарламаларына қойылатын талаптарға сәйкестілігі;
жұмыстардың білім беру жүйесін дамытудың өзекті үдерісіне сәйкестілігі;
оқу нәтижелерін болжау, уақытты тиімді және дұрыс пайдалану шеберлігі;
баяндау жүйелігі мен ойға қонымдылығы.
7. Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау
7.1. Фестивальға қатысушылар Астана қаласы Білім басқармасының дипломдарымен марапатталады, сонымен қатар «Астана дарыны» ӨҒПО мақтау қағаздарымен марапатталады және фестиваль жеңімпаздары Республикалық фестивальға жіберіледі.
8. Қаржыландыру
8.1. Фестивальді қаржыландыру «Астана дарыны» ӨҒПО-ның шығыс сметасына сәйкес жүргізіледі.
Фестивальді ұйымдастыру комитеті: «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы, Московская көшесі 41, № 62 МЛ, тел. 398039, 398342
Қосымша 1
Фестивальға қатысу үшін сұраныстың  үлгісі

Қаты сушы ның аты-жөні

Жұмыс орны,

қызметі

Еңбек өтілі, санаты

Секциясы

Жұмыстың тақырыбы

Әдістемелік жұмыстың түрі (элективті курс, авторлық бағдарлама)

Байланыс телефоны, электронды адрес

Қосымша 2
Фестиваль қатысушыларына арналған  сауалнама
Фестиваль  қатысушылары міндетті түрде төмендегі берілген сауалнамаға жауап берулері керек:
-қатысушының аты-жөні
-білім беру мекемесінің атауы
-жұмыс орынының атауы
-секциясы, бағыты
-автор туралы немесе авторлар ұжымы туралы ақпарат (қосымша)
-мемлекеттік және орыс тілінде жазылған толыққанды аннотация (жұмыс орынының аты ,пәні, мақсаты,міндеті, жұмысты суреттеуі, нәтижесі, жұмыстың нәтижеге жету бағыты);
Қосымша 3
Тезистерді рәсімдеуге қойылатын талаптар
Тезиске арналған файлдың аты- Фамилиясы------- тезистің аты------секциясы - (Омаров—тезис---химия)
Көлемі 1-2 баспа табақ,  А4 форматында Microsoft Office, кестелер мен суреттер Times New Roman, кегль 14, бір интервал болуы керек. Поля: барлығы – 2 см. Азат жолдан-1,3см; ені бойынша теңестіреді;1 немесе 1-2 жолға майлы шрифтімен жұмыстың тақырыбы жазылады, (тек 2 жолға ғана); келесі жолға       (1 жолға ғана) автордың аты – жөні, қызметі, мектебі, электронды адресі жазылады. Бір жолдан кейін – мәтіні. Әдебиеттер тізімін тезистің соңында жазу керек.
Жаңартылған 13.02.2013 10:30

Государственные символы

Астана уақыты

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz