Директор блогы

24.01.2013 09:57 Басқарушы
Басып шығару PDF
Құрманбаева Майра Жаноразқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры.
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің мазмұнын жетілдіру, оның ішінде, білім алушыларды тәрбиелеудегі жаңашыл әдістемелерді қолдану жөніндегі мақалалардың авторы.
Құрманбаева Майра Жаноразқызы ұсынған мектепті «Мың бала» жобасы арқылы басқару авторлық бағдарламасы Астана қаласының бірқатар білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісінде іске асырылуда.
Педагогика теориясы мен методикасы, этнопедагогика бойынша 3 монография және 30-дан аса ғылыми-әдістемелік мақалалардың, әдістемелік нұсқаулықтар мен құралдардың авторы.
Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары педагогтерінің «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының І дәрежелі диплом иегері.
«Астана дарыны» ақпараттық-әдістемелік журналының бас редакторы.
Әр түрлі интеллектуалдық немесе белгілі пәндер бойынша қабілеттіліктің жоғары деңгейін танытушы оқушылармен жұмыс жасау әдістері бойынша мастер-класс ұйымдастырушы.
Астана қаласының дарынды балаларын анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету жүйесінің құрылымы мен мазмұнын жетілдіру барысында атқарылып жатқан жұмыстың мәнін арттыру, алға қойған міндеттерді іске асыруда туындайтын проблемалардың шешімін табу, жүйені жетілдірудің негізгі аспектісі болып отырған жаңа идеяларды, жаңашыл әдіснамаларды ұсыну, дарындылықты дамыту жүйесінің түйінді ресурсы – педагогтердің кәсіби іс-әрекетін дамыту мәселелерін шешудегі еңбегі зор шығармашыл педагог, құзыретті басқарушы.

Жаңартылған 29.03.2018 11:20

Государственные символы

Астана уақыты

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz