Республикалық интеллектуалдық ойын-сайыстар

29.12.2012 01:30 Басқарушы
Басып шығару PDF
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 11-сынып оқушылары арасында математика-физика және химия-биологиядан президенттік олимпиада туралы ереже
(Аймақтық-іріктеу туры)
1. Негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- жаратылыстану – ғылыми пәндер облысында аса қабілетті, дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және дамытуды қамтамасыз ету;
- дарынды және талантты оқушыларды анықтау үшін, олардың кейінгі интеллекуталды дамуы мен кәсіби бағдарлануына  қолайлы жағдай жасау;
- дарынды балаларды алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін дайындау жолымен үздіксіз білім беру идеяларын іске асыру;
-жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға қызығушылықтарын арттыру, теориялық білім мен практикалық   біліктіліктерді тереңдету;
- жеке тұлғаның өздігігнен жетілу және өзін-өзі дамытуға ықпал етуі;
- мемлекет басшысының қабілетті және дарынды балаларды  дамытуға жағдай жасауын  қолдау.

2. Қатысушылар:
Президеттік олимпиадаға жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатыса алады.
Аймақтық олимпиаданың (іріктеу кезеңі) жеңімпаздары республикалық олимпиаданың 3 турдан тұратын 2 кезеңіне қатысады.
1 тур – дистанциялық;
2 тур – эссе жазу;
3 тур – БТСМҰО облыстық бөлімдерінде тестілеу.
3. Жеңімпаздарды марапаттау:
Әр мектептен математика, физика, химия, биология бағыттары бойынша 1 оқушы қатыса алады. Әр пән бойынша 1 бірінші орын, 1 екінші орын, 1 үшінші орын беріледі.

«ФизМат» республикалық конкурсын өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1.«ФизМат» Республикалық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) жаратылыстану-математика ғылымдары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау, ынталандыру және дамыту мақсатында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 8-9-сынып оқушылары арасында өткізіледі.
2.Конкурсты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) ұйымдастырады.

Конкурсты өткізуді жыл сайын О. Жәутіков атындағы республикалык, мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты (бұдан әрі - РМФМОМИ) Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығымен (бұдан әрі - БТМСҰО) бірлесіп БТМСҰО-ның тестілеу пункттерінде жүзеге асырады.
3.  Конкурсқа қатысу - ақысыз.
2. Конкурсқа қатысушылар
1) Конкурсқа Республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 8-9-сынып оқушылары қатысады.
2) Конкурсқа мамандандырылған физика-математика мектептері мен математика және физика пәндерін тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін мектептерден - әр сыныптар параллелінен 8 оқушыға дейін, басқа жалпы білім беретін мектептерден әр сыныптардың параллелінен 5 оқушыға дейін қатысады.
3. Конкурсты ұйымдастыру комитеті, іріктеу комиссиясы
1) Конкурсты дайындау мен өткізу, конкурс жеңімпаздарын іріктеу өлшемдерін пысықтау жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін конкурстың ұйымдастыру комитеті және іріктеу комиссиясы кұрылады.
2)  Конкурсты ұйымдастыру комитеті:

-Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі жалпы үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етеді;
-Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс материалдарын жариялауды ұйымдастырады.
3) Конкурстың іріктеу комиссиясы конкурстың жекелеген (оқушылар арасында) және командалық (мектептер арасында) есептегі жеңімпаздарын аныктайды.
4. Конкурсты  өткізу
1) Конкурс тестілеу түрінде өткізіледі.
2) Конкурстың тест тапсырмалары оку бағдарламасына сәйкес математика және физика есептері мен сұрақтарынан, сондай-ақ логикалық есептерді қамтиды. Конкурс тапсырмасы 50 есептен: оның ішінде 20-сы математика, 15-і физика, 15-і логикалық есептен тұрады. Конкурс есептерін шығаруға 2 сағат 30 минут (150 минут) беріледі.

3) Конкурстың тапсырмаларын РМФМОМИ дайындайды.
4) Қатысушының  тапсырмалары жалпы санының дұрыс жауаптарына сәйкес бағаланады.
5) Конкурс БТМСҰО-ның тиісті тестілеу пункттерінде өткізіледі.
6)Конкурсқа қатысу БТМСҰО-ның тиісті тестілеу пункттеріне берілген мектеп өтінімі негізінде болады. Өтінімге қатысушының фамилиясы, аты, мектебі, сыныбы және окыту тілі көрсетіледі.
7)Конкурстың жеңімпаздары жекелеген (оқушылар арасында), командалық (мектептер арасында) есепте анықталады және ҚР БҒМ - нің дипломдарымен марапатталады.
5. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау
1)Жеке есепте әр облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы әр сыныптардың параллелінен ерекше көзге түскен 50-ге дейінгі оқушы конкурс дипломдарымен марапатталады.
2)Мектеп командасының нәтижесі әр сыныптардың параллелінен 5 үздік оқушының нәтижесінің қорытындысы бойынша анықталады.
3)Республиканың үздік 31 мектебі конкурс дипломдарымен марапатталады: гран-при - 1, I дәрежелі дипломмен - 5, II дәрежелі дипломмен - 10, III дәрежелі дипломмен - 15.
6. Конкурсты  қаржыландыру
Конкурс шығындары (конкурс тапсырмасын көбейту, бағдарламалық қамтамасыз етудің әзірлемесі, нәтижелерін өңдеу, пошталық шығыс, дипломдарды дайындау және т.б.) РМФМОМИ демеушілері есебінен жүзеге асырылады.

Жаңартылған 28.01.2013 10:17

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz