Қалалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстар

29.12.2012 01:24 Басқарушы
Басып шығару PDF

Астана қаласы жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары  арасында химиядан қалалық олимпиада өткізу туралы ЕРЕЖЕ

  1. 1. Жалпы ереже

1.1.Химиядан 51-ші  Халықаралық Менделеев олимпиадасын өткізу аясында Астана қаласында химиядан қалалық олимпиада өткізіледі.  Химия пәніне қызығушылық танытқан  дарынды оқушыларымыздың халықаралық  жарыстар мен олимпиадалардағы жеңістерін басшылыққа ала отырып, Ұйымдастыру комитетінің шешішімен Қазақстан  2017 жылы 51-ші  Халықаралық Менделеев олимпиадасын өткізуші ел мүмкіндігін алып отыр.

1.2.Бұл  Ереже  химиядан қалалық олимпиаданы ұйымдастыру, өткізу қатысу тәртібін, әдістемелік қамтамасыз етілуін, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

2. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Мақсаттары мен міндеттері:

- оқушылардың химия пәніне  қызығушылығын арттыру, білімдерін  жетілдіру және де кәсіби бағдар беру;

- химиядан ерекше дарындылық танытқан  дарынды балаларды қолдау, дамыту;

- білім беру мекемелері оқушыларының олимпиадалық үдерісіне қатысу құқығын іске асыру;

- химия ғылымының дамуына қолайлы, қажетті жағдай жасау жүйесін қалыптастыру.

3. Олимпиада қатысушылары

3.1. Мектепішілік Олимпиадаға  химия пәніне қызығушылық танытқан Астана  қаласы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары,  ал қалалық кезеңіне тек қана 1-ші орын иегерлері қатыса алады.

.     3.2.Олимпиада  2 турдан тұрады:

1 тур – теориялық;

2 тур-  тәжірибелік.

Қалалық олимпиадаға мектепішілік олимпиаданың жеңімпазы қатыса алады. Олимпиадаға келген оқушылар мектептердің статусына және бұрын көрсетіп жүрген нәтижесіне байланысты жоғары және төмен болып екі лигаға бөлінеді.

4.  Олимпиада ұйымдастырушылары

4.1.Олимпиаданың ұйымдастырушылары болып Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» МКҚК және  «KAZBILIM» табылады.

5. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

5.1.Олимпиаданың қалалық кезеңі 2017 жылғы наурыз айының 2-3 күндері Астана қаласының №73 мектеп-лицейінде өткізіледі.

1 тур – теориялық: 02 наурыз 2017ж., басталуы  сағ:14.00, тіркелу  13.00 сағ.

Координация: 03наурыз 2017ж.,  сағ:14.00 - 15.00

2 тур-  тәжірибелік: 03наурыз 2017ж.,  сағ: 15.00.

5.2.Қазылар алқасының құрамына Астана қаласы  жоғары оқу орындарының ғалымдары мен  кәсіби шебер жоғары санатты мамандандырылған білім беру мекемелерінің химия пәні мұғалімдері  тартылады.

5.3. Олимпиаданың қазылар алқасы :

- олимпиадалық тапсырмаларды  лайықты бағалайды;

- олимпиадалық тапсырмаларға сараптама жасайды;

- Олимпиаданың жеңімпазадары мен жүлдегерлері анықтайды,

- Олимпиаданың қорытындысы бойынша аппеляцияны наурыз айының 6-сы күні өткізеді.

6.Қатысушылардың тіркелу тәртібі

6.1.Мектеп  төменде көрсетілген үлгі бойынша Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электрондық поштаға сұраныс жіберу керек:

№/№

Мектептің атауы

Оқушының

аты-жөні

Пәні

Сыныбы

Оқыту

тілі

Оқытушының

аты-жөні

1.

6.2. Сұраныс  2017 жылғы ақпан айының 25-не дейін қабылданады.

7.Олимпиаданың өткізу тәртібі

7.1.Қатысушылар Олимпиаданың басталуына 30 минут қалғанда өздерінің қандай кабинетте отыратынын білуі қажет.

7.2 Қатысушылар өздерімен бірге  Д.Менделеев таблицасын, еріткіш кестесін және  2-ші  деңгейге өткен жағдайда  халат, колпак, индикатор, 10 дана сынауық әкелуі қажет, сүзгіш қағазы.

7.3Олимпиаданың өткізілу уақыты: 1 деңгей- 3 сағат., 2 деңгей-2 сағат. Әрбір тапсырма  нақты және шешімі толық жазылуы керек.

7.4 Қатысушылар тыныштық, олимпиаданың өткізу тәртібін сақтау керек.  Ұялы телефон мен  басқада электронды байланыс  құралдарын қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда барлық жұмысы жарамсыз болып табылады.

7.5  Олимпиада қорытындысы.  Бірінші турдың қорытындысы 03.03.2017 жылы сағат 10:00-де, жалпы қорытындысы 04.03.2017 ж. сағат 10:00- де  Астана қаласы №73 мектеп сайтында және Республикалық «KAZBILIM» орталығы сайтында жарияланады.

7.6.Олимпиада қорытындысы ресми түрде шыққаннан кейін аппеляцияға өтініш беруге болады.

7.7. Жүлделі орынды иеленген оқушылар  І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдар және Грамоталармен марапатталады.


Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңін өткізу ережесi

Жалпы ережелер
1. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады.
2. Олимпиаданы жыл сайын «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы өткізеді (бұдан әрі  «Астана дарыны» ӨҒПО). Тапсырмаларды «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскерлер кеңесі дайындайды.

3. Қалалық олимпиада келесідей пәндер бойынша өткізіледі: математика, физика, химия, биология, география, информатика, тарих, құқық, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі.
4. Олимпиаданың үшінші кезеңіне барлық білім беретін мекемелердің аудандық олимпиадада жүлделі орын алған 8-11 сынып оқушылары қатысады.
Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі, ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі, қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі және республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, олимпиадалық резерв командасының мүшелері аудандық олимпиадаға қатыспай, қалалық олимпиадаға  қатысуға мүмкіншілік алады.

5. Олимпиадаға  қатысу құқығына ие болған оқушылар өздерімен бірге рұқсат  қағаздарын ала келу керек. Мектептерден сұраныс «Астана дарыны» ӨҒПО-нда тіркеліп, орталықтың мөрімен расталғаннан кейін рұқсат қағазы   беріледі.
Рұқсат қағазы оқушының жеке куәлігі бойынша толтырылады. Оқушының 3х4 суреті жапсырылып, білім беру мекемесінің мөрі басылады.
6. Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының мұғалімдері, әдіскерлер, тәжірибелі ұстаздар және білім басқармасының білікті мамандары енгізіледі.
7. Екінші күні координация өтеді. Координацияға қатысушы, қазылар алқасының төрағасы және тапсырманы тексерген қазылар алқасының мүшелері қатысады.
8. Олимпиада қатысушыларын марапаттау.

Қалалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары дипломдармен, мақтау қағаздарымен және Білім басқармасы бекіткен сыйлықтармен марапатталады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңін және қалалық іріктеу кезеңін өткізу ережесі
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурстарың өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 688 және  2011 жылындағы 29 қарашаның №502 бұйрығына сәйкес ғылыми жобалар конкурсының республикалық ІІ кезеңінің және қалалық іріктеу кезеңін өткізу ережесі дайындалды.
І. Жалпы ережелер
1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсы (әрі қарай– Конкурс) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде  өткізіледі.
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
- ойлау қабілетін дамыту;
- ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
- Қазақстан Республикасының зияткерлік  әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурстары 4 бағыттан, 17 секциядан тұрады:
І бағыты «Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны».
Секциялар:
Физика
Техника
Жер және Космос туралы ғылымдар
ІІ бағыты: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»
Секциялар:
Математика
Қолданбалы математика
Информатика
Экономика

ІІІ бағыты: «Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі»
Секциялар:
Химия
Биология
Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
ІV бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секциялар:
Тарих
Өлкетану
Этномәдениеттану
Тілтану/Языкознание
Әдебиет/Литература

4. Ғылыми конкурс төрт кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең  - мектепішілік
2) екінші кезең – қалалық (Астана және Алматы қалаларының мектептері мен республикалық мектептер жарыстары мәртебесі жағынан облыстық жарыстармен теңестіріледі) екі турда өтеді: іріктеу және финал – жұмыстарды қорғау .
3) үшінші кезең – республикалық іріктеу кезеңі екі турда өтеді:
бірінші тур – бейінді пән бойынша тестілеу;
екінші тур – жобаны алдын – ала сараптау;
4) төртінші  (финал) кезең – республикалық.
5. Ғылыми жобалар конкурсының бірінші кезеңін өткізу мерзімі Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығымен бекітіледі. Жарыстардың екінші – төртінші кезеңдері  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген мерзімде өткізіледі.
ІІ. Конкурсқа қатысушылар
1. Ғылыми конкурстарының бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшілерінің ұсынуымен 8 – 11 сынып оқушылары қатыса алады. Командалық жобаны екі оқушы ғана орындай алады.
2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурстарының екінші кезеңіне бірінші кезең жүлдегерлері қатысады, олар жетекшісі мен ғалымдардың пікірлерін, қоса тапсырылатын құжаттарын (сұраныс, І кезеңнің хаттамасы, мектепішілік ғылыми конкурстарының қорытындысы бойынша есебі, ғылыми зерттеу журналы) және ғылыми жұмыстарын (жобалары) ұсынады. Ғылыми жобалардың тақырыптары  жыл сайын 5 қыркүйектен кешікпей тапсырылуы тиіс. Тіркеуге міндетті түрде көрсетілген нұсқа бойынша білім беру мекемесі директорының қолы мен мөрі қойылған сұраныс (қосымша 1), сонымен бірге мектепішілік І кезеңінің есебі және ОҒҚ туралы есеп (қосымша 2) Excel электронды кесте, қағаз түрінде тапсырылуы керек.
3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурстарына қатысатын оқушылардың, олардың жетекшілерінің аты – жөндері сұраныста құжат бойынша (туу туралы куәлігімен, төл құжаты) жазылуы керек.

4. ІІ кезеңнің алдында іріктеу кезеңі өткізіледі:
1.бейіндік пәндер бойынша тестілеу (қосымша 3)
2.жобаны алдын – ала сараптау (жазған жұмыстарына).
ІІІ. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурсының сараптау комиссиясы
1.  Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы саласы бойынша кемінде үш ғалым (маман) кіреді.
2. Іріктеу кезеңінің комиссиясы бағалау өлшемдері мен талаптарына сәйкес  ғылыми жобаларды тексеріп, әрбір жобаға өз пікірін жазып, ІІ кезеңге қатысатын оқушылардың  тізімін  анықтайды.
ІV. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурсының іріктеу және ІІ кезеңін  өткізу туралы
1. Іріктеу кезеңінің І туры – 20 - 24 қазан күндері аралығында ғылыми жоба жұмысын жазған оқушылардың арасында бейіндік пәндерден тестілеу өткізіледі. Тест 60 сұрақтан тұрады (60 балл). Оны орындауға 90 минут беріледі. Тестілеуден 50% -дан жоғары бал жинамаған окушы келесі турға жіберілмейді. Командалық жобалар үшін өту балы - жоба авторлары жинаған орташа балдың арифметикалық саны болып табылады.
Екінші тур – жобаларды алдын-ала сараптау, 1 – 20 қараша күндері аралығында өткізіледі.  Ғылыми жоба жұмыстары 24 қазан – 1 қараша күндері аралығында алдын - ала сараптама жасауға тапсырылуы керек. Алдын – ала сараптау кезеңін қорытындысы бойынша, ІІ кезеңнің қатысушылары анықталады. ІІ кезеңге қатысушылардың тізімі Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығы бойынша бекітіледі. Іріктеу кезеңінің қорытындыларынан кейін аппеляция өткізілмейді. Сараптамадан өтпеген жұмыстар қайтадан қайтарылмайды. Сараптамадан және тестілеуден өтпеген оқушылар ІІ кезеңге қатыса алмайды.
2. Екінші кезең – жобаны қорғау. Жобаны қорғау барысында авторға баяндама үшін 5 минут беріледі, ал біріккен авторларға 7 минут беріледі. Егер техникалық құралдар (компьютер, интерактивті тақта т.б.) қажет болған жағдайда жыл сайын 1 желтоқсанға дейін мектептерден сұраныс тапсырылуы  тиіс.
V. Жарыстарға ұсынылатын ғылыми жобалар мен
оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
І.  Ғылыми конкурсытарға тапсырылатын  ғылыми жобаларға қойылатын талаптар:
1) ғылымның осы саласындағы бұрын танылмаған жекелеген қырларын, фактілерді, құбылыстарды және жаңалықтарды  ашатын материалдар болу керек;
2) практикалық құндылығы зор, мектеп эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін аппараттар, модельдер мен құралдар
конструкцияларын ұсынатын жұмыстар;
3) әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған компьютерлік модельдер және экономикалық – құқықтық негізі бар жобалар;
4) кәмелетке толмағандар үшін рұқсат етілмейтін аппаратура пайдаланған жағдайда, жануарларға қатігездік көрсетілетін, адам денсаулығы және жануарлар үшін зиян келтіретін заттарды (улы, радиоактивтік, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді заттар немесе микроағзалар, вирустар, ішімдік, никотин) пайдалануға байланысты эксперименттері бар жұмыстар жіберілмейді;
5) бұрын қаралған және қорғалған жобалар   ғылыми жарыстарының келесі кезеңіне қатысуға жіберілмейді.
ІІ. Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1)жоба мәтіні компьютерде басылуы керек (14 шрифт) және мынандай құрылымнан тұрады:
- титул парағы (Қосымша 3);
- мазмұны;
- қазақ немесе орыс тілдерінде абстракт (жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады;
- кіріспе;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі.

2) титул парағында мыналар көрсетіледі:
- жұмыс  орындалған  ұйымның  толық атауы, қаласы, мектебі;
- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
- жұмыстың атауы;
- жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
- жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;
3) абстракт (аннотация), (250 сөзден артық емес) жобаның қысқаша мазмұнын, мыналарды қоса алғанда, білдіреді:
- зерттеудің мақсатын;
- гипотезасын;
- кезеңдерін, зерттеудің рәсімін;
- эксперименттің әдістемесін;
- зерттеудің жаңалығын және дербестік дәрежесін;
- жұмыстың нәтижесін және қорытындысын;
- нәтижелерін, практикалық қолдану салаларын.
Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты (міндеті), алға қойылған міндеттерді шешу әдітері қысқаша көрсетіледі.
Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) тұруы мүмкін және мына құрылымда:
таңдап алынған жұмыстың практикалық  құндылығына көз жеткізу  мақсатында (міндетін)  таңдалған тақырып бойынша нәтижелерге аналитикалық сараптама жасау;
- алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау;
- жұмыстың нәтижесін талқылау;

- безендірілген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.);
- пайдаланған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [2]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай жүйелі нөмірленуі  қажет;
қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нәтижелері (1 – 5) және олардың негізінде жасалған қорытындылары мен (1 - 2) ұсыныстарды қамтиды;
- жұмыс соңында жалпы тізіммен пайдаланған әдебиеттер мынандай тәртіпте беріледі:
- автордың тегі және қысқартылған аты – жөні;
- мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);
- журналдың, кітаптың аты;
- басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін);
- басылған жылы, шығу нөмірі, беті.

- әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар, жетекшінің пікірі қоса берілуі керек;
- ғылыми конкурстардың екінші кезеңіне (баяндамаға) 135Х125 (см ) көлемдегі стендке орналастыратындай етіп демонстрациялық материалдарды өз қалаулары бойынша жасау ұсынылады.
3. Стендті рәсімдеуге қойылатын талаптар:
стендтің жоғарғы жағына көлденеңінен абстракты, қатысушының тегін, жасын, мектебінің, қаласының атауын орналастыру қажет;
стендтегі материал жұмыстың мазмұнын айқындайтын талғаммен ресімделген, нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, қорытындылар болуы тиіс;
мазмұнын дайындау кезінде назарды жоба авторының алған нәтижелерін көрсетуге аудару керек.

Ғылыми жоба нәтижелерінің нақтылығы мен мүлтіксіздігіне, диплом жұмыстарынан, магистрлық және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілген нәтижелер еместігіне жауапркершілік ғылыми жетекшілеріне жүктеледі. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызмет дағдыларын ала отырып өз қолынан келетін жұмысты орындау керек.
VІ. Жеңімпаздарды марапаттау
Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығы негізінде І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және грамоталармен марапатталады. ІІ кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Республикалық ІІІ кезеңге қатысуға мүмкіндік алады.

1-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсы Ережесі

І. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

1.Байқаудың басты мақсаты - балалардың танымдық қызығушылықтары және интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

2. Байқаудың басты міндеттері:

- оқушылардың интеллектуалдық шығармашылығын мектеп жасынан  дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;

- ғылыми-техникалық және интеллектуалдық шығармашылық саласындағы қабілетті және дарынды балаларды айқындау,оларға қолдау көрсету;

- оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми-ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және таныту;

- мектепте ғылыми ізденіс жұмыстарына жетекшілік ететін педагогикалық кадрлардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және кәсіби жетілдіру.

- қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.

ІІ. Конкурстың ұйымдастыру  комитеті мен қазылар алқасы

3. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты өткізу бағдарламасын дайындайды, Конкурсты дайындау және өткізу басшылығын тікелей жүзеге асырады, қазылар алқасының құрамын тағайындайды, конкурстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды. Финалға - Республикалық кезеңге қатысатын Астана қаласы оқушылар-командасының құрамын қалалық конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасынан іріктейді.

4. Қазылыр алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

5. Конкурсқа Астана қаласы мектептерінен 1-7-сынып оқушылары жеке, сондай-ақ командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады.

6. Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде ұйымдастыру комитеті - «Астана дарыны» өңірлік ғылыми практикалық орталығына өтінімнің электрондық және қағаз түрі жіберіледі. Өтінімді қабылдау келесі оқу жылының есебінде мамыр айының 11-20 күндері аралығындағы мерзімде жүзеге асырылады. Конкурстың қалалық (іріктеу) кезеңіне өтінімде мектептік кезеңнің нәтижесі бойынша І орын алған оқушылардың тізіміне қосымша ағымдағы жылдың бірінші (мектептік) кезеңі хаттамасының көшірмесі беріледі. Әр секциядан жас ерекшелігіне байланысты 2 оқушыдан (1-4сыныптар, 5-7 сыныптар) 16 оқушы. І Оқушылардың жұмыстары қыркүйек айының 20-30 күндері аралығында қабылданады. Жұмыстың электрондық және қағаз нұсқасы (Excel) мына мекен-жайға: «Астана дарыны» ӨҒПО, Московская 41 (№62МЛ, 3қабат) тапсырылады

1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» конкурсы қалалық кезеңіне қатысу өтінім үлгісі

(10-20 мамыр күндері аралығында келесі оқу жылында оқитын

сыныптарды есепке алғанда)

«Астана дарыны»

ӨҒПО директоры

М.Ж.Құрманбаеваға

№/№

Оқушының аты-жөні

Жобаның атауы

Секциясы

(пәні)

Сыныбы

Оқыту тілі

Мектебі

Жетекшісінің аты-жөні

Байланыс телефоны


7. Берілген мерзімнен кейін тапсырылған немесе берілген талаптар орындалмаған жұмыстар қабылданбайды.

8. Қалалық конкурстың өту мерзімін www.astanadaryn.narod2.ru сайтынан қараңыз

9. Конкурс екі түрлі жас категориясына байланысты өтеді:

1 топ -  1-4 - сынып оқушылары;

2 топ -  5-7 - сынып оқушылары

10. Конкурс 3 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – мектептік, білім беру мекемелерінде өткізіледі;

Екінші кезең – қалалық, ағымдағы оқу жылының 5 қаңтарына дейін «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Қалалық кезең екі турдан тұрады:

  1. Іріктеу (сырттай) - 1-20 қазан күндері аралығында ғалымдардан, мамандардан құралған эксперттік комиссия мүшелері экспертиза жұмыстарын жүргізеді. Іріктеу турының қорытындысын  25 қазаннан кейін www.astanadaryny.kz сайтынан білуге болады.
  2. Финал - оқушылардың жобаларын қорғауы. Іріктеу кезеңнен өткен оқушылар қалалық конкурсқа қатысады.

Қалалық конкурстың өткізілу күні мен орны туралы www.astanadaryny.kz сайтынан білуге болады.

Үшінші (қорытынды) кезең – республикалық, жыл сайын ағымдағы оқу жылының қаңтар айының соңғы он күндігінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.

11. Қорытынды кезеңде зерттеу жұмыстары қорғалады. Жұмыстың қорғау уақыты - 10-15  минут. (слайд презентациясы)

12. Мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша жүргізіледі:

1-секция - қазақ тілі мен әдебиеті;

2-секция - орыс тілі мен әдебиеті;

3-секция - математика - информатика;

4-секция - физика - техника;

5-секция - медицина, психология;

6-секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

7-секция –биология, химия;

8-секция – экология, валеология.

13. Конкурс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

14. Конкурстың іріктеу кезеңінен өтпеген жұмыстар қайтарылады.

15. Оқушылардың конкурсқа қатысу барысындағы, талап етілген жерге бару, келу кезіндегі өмірі мен  қауіпсіздігіне жауапкершілік команда жетекшісіне жүктеледі. Жетекші талапқа сәйкес білім мекемесінің басшылығымен тағайындалады.

16. Қалалық кезеңнің нәтижесі бойынша Конкурстың қорытынды кезеңіне қатысушылардың тізімі анықталады, әр секциядан 2 оқушыдан жас ерекшелігіне байланысты топтар бойынша (1-4-сынып, 5-7-сынып). І топ – 8 оқушы; ІІ топ – 8 оқушы (Іорын алғандар)  және 1 жетекші.

17. Ұйымдастыру комитетінің адресі: «Астана дарыны» ӨҒПО, Астана қ. Мәскеу көшесі 41, «Зерде» конкурсы бойынша, тел. 39-83-42, Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек '; document.write( '' ); document.write( addy_text70471 ); document.write( '<\/a>' ); //--> Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , www.astanadarynу.kz

ІV. Конкурсқа ұсынылатын зерттеу жұмысының  жабдықталуына қойылатын талаптар

18. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, ойлар тапқыштық негізде болады. Зерттеу жұмыстары қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Жұмыс көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттердің нөмірлері белгіленіп, берілген аралықта жазылуы тиіс.

19. Зерттеу жұмысында жетекшінің пікірі, маманның рецензиясы, зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктеріне шолу болуы керек.

20. Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтіні толық компьютерде басылып шығуы тиіс (WORD; 14 шрифт; 1,5 интервал; сол жақтан шегініс - 2 см) және сондай-ақ :

-титул парағы;

- мазмұны;

- резюме (аннотация) – қазақ және орыс тілдерінде жұмыстың негізгі бөлімінің қысқаша мазмұндамасы (жұмыстың қай тілде жазылуына байланысты);

- кіріспе – жұмыстың өзектілігін көрсетеді және тақырыпты, оның мақсаты менміндеттерін, өткізу орнын таңдауын енгшіздейді;

- негізгі бөлім: зерттеу материалы мен әдістері, эксперименттік бөлімі, жұмыс нәтижелері және оларды талқылау;

- зерттеу проблемасы бойынша зерттеудің өзектілігіне байланысты әдебиеттерге (отандық және шетелдік) қысқаша шолу жасау;

- қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

2) титул парағында көрсетілетіндер:

-жұмыс орындалған мекемелердің атауы толық көрсету;

-жұмыстың тақырыбы;

-секциясы (пәні);

- орындаушы (аты-жөні, сыныбы);

- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);

-жұмыстың орындалған уақыты;

21. Конкурстың қорытынды кезеңінде қатысушының  зерттеу жұмысын немесе шығармашылық жобасын қорғау үшін қажетті көрнекі-құралдары, сызбалары, суреттері немесе макеттері болуы керек.

V. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

22. Конкурс  жұмыстары мынадай ерекшеліктермен бағаланады:

- өзіндік даралық;

- шығармашылық ізденіс;

- берілген сұрақтарға жауаптардың толық болуы;

- мәселелердің терең талқылануы.

23. Конкурсты  қорытындылау финалды өткізу барысында жүзеге асырылады. Жеңімпаздар әр секция бойынша және екі жас ерекшіліктеріне байланысты анықталады:

1) 1-4 сынып оқушылары;

2) 5-7 сынып оқушылары;

24. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

VІ. Қаржыландыру

25. Ісшараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

26. Республикалық конкурс қатысушылары мен жетекшілерінің іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді.

5-7- СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН

«ЖАС МАТЕМАТИК» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ  ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

1.   Олимпиаданың мақсаты:

- оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру;

- оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және ой өрісін кеңейту;

- оқушылар арасында ғылыми жұмыстармен шұғылдануға баулу;

-ғылыми мектеп қоғамындағы қызығушылығы бойынша үйірме

жұмыстарының нәтижесін анықтау;

- талантты және дарынды оқушыларды анықтау.

2.   Олимпиадаға қатысушылар

- олимпиадаға 5-7 сынып оқушылары қатысады

-  олимпиадаға оқыту тілі бойынша параллель сыныптардан бір оқушыдан қатыса алады.

3. Олимпиада математика пәні бойынша өтеді

4.   Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

Олимпиада «Астана дарыны» өңірлік ғылыми – практикалық орталығының бекітілген өткізу кестесіне сәйкес ұйымдастырылады.

Олимпиада тапсырмалары «Астана дарыны» мөрі басылған дәптерлерде геометриялық құралдар мен қарындашты пайдалана отырып, көк пастамен орындалады. Әр қатысушы қазақ және орыс тіліндегі тапсырмалар мәтіндерімен қамтамасыз етіледі.

5.   Олимпиадаға жетекшілік ету және олимпиаданы өткізуді Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы  жүзеге асырады.

6.   Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті:

- олимпиада тапсырмаларын құрастыру үшін мұғалімдердің эксперт тобын ұйымдастырады;

- олимпиада өткізуге қажетті барлық құжаттарды дайындайды;

- олимпиада жұмыстарын тексеру ережелерін сақтауды және олимпиада нәтижелері хаттамаларын уақытында рәсімдеуді бақылайды;

- олимпиада аяқталған соң, оның ұйымдастырылуы мен нәтижесін саралайды;

7.  Олимпиада нәтижесі бойынша сыныптардың әр параллелінен:

- бірінші орыннан біреу;

- екінші орыннан екеу;

- үшінші орыннан үшеу беріледі.

4-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер.

1.1. Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

- оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру;

- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту және дүниетанымдарын кеңейту;

- оқушылар арасында ғылыми білім мен ғылыми қызметті үгіттеу;

- үйірме жұмысының нәтижелерін ғылыми мектеп қоғамының қызығушылықтары  арқылы анықтау;

- дарынды және талантты оқушыларды анықтау.

1.2.   Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – мектепішілік.

екінші кезең – қалалық (жыл сайын сәуір айында).

1.3. Олимпиада математикадан, қазақ тілінен (қазақ тілінде оқытатын сыныптарда),  математикадан және орыс тілінен (орыс тілінде оқытатын сыныптарда), дүниетанудан өткізіледі.

2.    Олимпиада қатысушылары:

2.1.  Олимпиада қатысушылары 4-сынып оқушылары.

2.2. Олимпиадаға қатысу үшін әр сыныптан  оқыту тілі бойынша әр паралеллден 1 оқушы.

3.  Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

3.1. Олимпиада   «Астана дарыны» ӨҒПО-мен өткізу кестесіне сәйкес ұйымдастырылады;

3.2. Тапсырмалар «Астана дарыны» ӨҒПО-ның ғылыми кеңесімен құрастырылып, бекітіледі;

3.3.  Олимпиада материалдық-техникалық базасы  ең жақсы мектептерде өткізіледі.

3.4.Олимпиадалық тапсырмалар «Астана дарыны» ӨҒПО мөрімен расталған дәптерлерде орындалады, жұмыс көк сиялы қаламмен жазылады, геометриялық элементтері келтірілген тапсырмалар геометриялық құралдарды пайдалану арқылы қарындашпен орындалады;

3.5. Әр қатысушы қазақ және орыс тілдерінде тапсырма мәтінімен қамтамасыз етілуі қажет;

3.6.Олимпиада өткізіліп жатқан  мектептегі тәртіпті сақтау директор бұйрығымен  тағайындалған мектеп мұғалімдеріне жүктеледі;

3.7.Олимпиада кезінде сайысқа қатысушыларға педагогтар тарапынан көмек көрсетуге тыйым салынады;

3.8. Олимпиада жұмыстарының тексерілуін қазылар алқасы іске асырады.

4. Олимпиаданы ұйымдастырып, өткізу және басшылық жасау «Астана дарыны» ӨҒПО-на тапсырылады.

5. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:

5.1. Олимпиаданың өткізілуі  мен тәртібін келісіп шешеді;

5.2. Олимпиадалық тапсырмаларды құрастыру бойынша мұғалімдерден құралған  сараптама тобының жұмысын ұйымдастырады;

5.3. Олимпиаданы өткізуге барлық қажетті құжаттарды дайындайды;

5.4. Олимпиадалық жұмыстарды тексеру ережелерінің сақталуын және алдын – ала нәтижелер хаттамасының дер кезінде рәсімделуін қадағалайды;

5.5.Олимпиада аяқталғаннан кейін оның ұйымдастырылуы мен нәтижелерін талдайды;

5.6. Олимпиада нәтижелері бойынша әр пәннен орындар белгіленеді.


«Талантты ұстаз – дарынды балаларға» атты қалалық Педагогикалық олимпиадасын өткізу және ұйымдастыру Ережесі

1.Жалпы ережелер

Педагогикалық олимпиада талантты балалармен жұмыс жасаудағы ұстаздардың біліктілігін арттыратын  жарыстардың бірден-бір  түрі.

Педагогикалық олимпиаданың негізгі тапсырмаларына енетіндер: педагогикалық ойлар, жобалар, педагогикалық шығармашылық қорытындыларымен тәжірибе алмасу.

Қалалық педагогикалық олимпиадасының ереже «Талантты ұстаз - дарынды балаларға» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасының ережесі негізінде дайындалған.

Олимпиаданың  мақсаттары:

-         -шығармашылық қабілеті жоғары талантты жастарды анықтау;

-         кәсіптік - педагогикалық білімді және педагогикалық мамандықтың маңыздылығын, педагогиканың беделін арттыру;

Педагогикалық олимпиаданың негізгі міндеттері:

-         жоғарғы сынып оқушыларының педагогикалық әс-әрекетіндегі  өзін-өзі билеу бағытын қалыптастыру;

-  білім беру мекемелерінің білім деңгейін қазіргі заман талабына сай дамыта жетілдіру, педагогикалық үрдісіне тарту;

- жоғары сынып оқушылары мен жас ұстаздардың жеке өзінің шығармашылық ойын жеткізуіне, тұлғалық педагогикалық мәдениеттің қалыптасуына, педагог қызметінің кәсіптік тәжірибесін дамытуға жағдай жасау.

2.Педагогикалық олимпиаданың қатысушылары және құрылымы

Педагогикалық олимпиада сатылық құрылымнан тұрады:

I саты – дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, гимназиялар, лицейлердің (арықарай - мектептер) жоғары сынып оқушылары болашақта білімін педагогикаға байланысты  жоғары оқу орындарында жалғастыратындар. Әр мектептен командалық топ (5 адамнан аспайтын) шақырылады, 10- сынып оқушылары, жақсы оқитын, ерекше қызығушылық танытқан, қабілеті зор, педагогикалық мамандыққа деген бейімі бар, болашақта оқуын педагогикалық жоғары оқу орындарында  жалғастырамын деген оқушылар қатыстырылады.

Конкурс тапсырмаларын орындау барысында оқушылар педагогикалық мамандықты таңдауға дайындығын, педагогикалық білімдарлығын, интеллектуалдық және жалпы мәдени  деңгейін көрсете алуға мүмкіншілік беріледі.

II саты – жас педагогтар (еңбек өтілімі 3 жылға дейін).

Олимпиаданың өткізу ережесінде мұғалімдердің шынайы білім беру үрдісіндегі кәсіптік шеберлігін, кәсіптік педагогикалық іс-әрекеті мен шығармашылық қабілетін анықтайтын конкурстық тапсырмалар қарастырылған.

3.Олимпиаданың кезеңдері және мерзімдері

Педагогикалық олимпиада бірнеше кезеңнен тұрады:

I кезең – мектепішілік.

ІІ кезең – іріктеу (сырттай) – 16-31 наурыз аралығында.

IIІ кезең – қалалық – 8-9 сәуірде. Олимпиаданың 1 күн - оқушылар арасында, 2 күн - жас педагогтар мен психологтар арасында өтеді.

Олимпиада Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» ӨҒПО-ы ұйымдастырып, өткізеді.

Өткізілетін  орны, күні  туралы  қосымша  ақпарат www.astanadaryny.kz сайтынан қарай  аласыздар.


4. Педагогикалық олимпиаданы өткізу тәртібі


І.Жоғары сынып оқушылары

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Олимпиаданың іріктеу кезеңінде, «Менің алғашқы ұстазым...» тақырыптары бойынша ой толғаулары конкурсқа жіберіледі. Эссе 16 наурызға дейін қабылданады. Әр қатысушының эссесін қазылар алқасы бағалау критерийлері бойынша бағалайды. Сайыстың тапсырмаларын орындау барысында оқушылар өздерінің жалпы мәдениеттік даму деңгейін, тапқырлығын, шеберлігін көрсетеді. Жұмыстар қайтарылмайды. Ең жоғары балл жинаған оқушылар ІІ турға өтеді. Ол жөніндегі ақпаратты  www.astanadaryny.kz сайтынан көруге болады.


1 тапсырма: «Өзін – өзі таныстыру». Уақыты – 3 минут.

Конкурстың мақсаты – өз мектебінің беделін, жоғары сынып оқушыларының педагогикалық мамандықты таңдаудағы іс-әрекеттерін көрсету.

Бағалау критерийлері:

Өз мектебі ерекшеліктерінің қысқаша мінездемесі (құрылу тарихы, жетістіктері, даму болашағы);

рәсімдеу (команданың аты, ұраны, эмблемасы, киім үлгісі);

сахна шеберлігі, өнерін көрсету мәдениеттілігі;

берліген уақытта тапсырманы орындауы.


2 тапсырма: Педагогикалық шеберлік конкурсы: «Мектеп өмірінен қойылым көрсету, сонымен қатар мектеп туралы балалардың өлеңдері». Уақыты 3 минут.


3 тапсырма: Капитандар конкурсы. Уақыты 1 минут

ІІ. Жас педагогтар

Жас  ұстаздар  олимпиадасы 2 кезеңнен (сырттай, күндізгі) тұрады. Сырттайғы кезеңге мұғалімдер өздерінің «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың негізі», «Мен неліктен мұғалім мамандығын таңдадым...», «Мен балаларға сенемін ...» тақырыбында ой тоғауын тапсырады. Эссе 16 наурызға дейін қабылданады. Әр қатысушының эссесін қазылар алқасы бағалау критерийлері бойынша бағалайды. Тек І турдан өткен оқушылар ғана қалалық олимпиадаға қатыса алады.

Олимпиаданың конкурстық тапсырмаларында жалпы білім беру процесінде педагогикалық міндеттерді жобалай алуы және оны шеше білуі, мұғалімнің жеке тұлға ретінде өзін – өзі билеуі, мұғалімнің шығармашылық қабілетін қалыптастыруға ықпал етуі, кәсіби педагогикалық шеберлігін көрсете білуі қарастырылған.


1  тапсырма: Өзін – өзі таныстыру: «Менің кәсіби бірегейлігім».

Өзін-өзі таныстыру еркін түрде өтеді, музыка, өлең жолдарымен сүйемелдеуге болады. Таныстыру уақыты – 3 минут.

Бағалау критерийлері:

- ерекшелігі;

- әсерлігі;

-мазмұны.


2 тапсырма: «Менің педагогикалық жаңалықтар ашуым» тақырыбында мини зерттеу  бағдарламасын қорғау. Бағдарламаны қорғау уақыты 3 мин.

Бағалау критерийлері:

- зерттеу жұмысын жобалау шеберлігі;

-оқып жүрген пәнін ескере отырып зерттеу әдістерін таңдау шеберлігі;

- зерттеу жұмысының жаңашылдығы мен өзектілігі;

- инновациалық технологиялар;

- зерттеудің нәтижелері және мониторингі

Зерттеу бағдарламасының жалпы  өзектілігі ретінде   «Жеке тұлға, білім, ХХІ ғасырдың қоғамы» тақырыбы ұсынылады.

Орындалған тапсырмалар жазбаша күйінде қазылар алқасына беріледі.


3 тапсырма: «Педагогикалық жағдаяттар». Проблемалардың шешімін табу. Уақыты 1 минут.

Бағалау критерийлері:

-педагогика және жас ерекшелік психология негіздері бойынша білімі;

-педагогикалық шеберлігі;

- жағдаяттарды өзінше  шеше білуі, тапқырлығы, ұшқырлығы;

5.Педагогикалық олимпиаданы ұйымдастыру.

Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығына сәйкес педагогикалық олимпиадаға дайындық және өткізу шаралары ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.

Педагогикалық олимпиаданы ұйымдастырушылар, өткізушілер құрамына Астана қаласы Білім басқармасының қызметкерлері мен педагог- ғалымдар және жоғарғы оқу орындары мен колледж мұғалімдері тартылады.

қалалық педагогикалық олимпиадасының жүлдегерлері Республикалық «Талантты ұстаз –дарынды балаларға» атты педагогикалық олимпиадаға қатысуға мүмкіншілік алады.

Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы негізінде ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаз атанғандар Республикалық «Талантты мұғалім – дарынды балаларға» атты олимпиадаға жолдама алады.

6. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

Педагогикалық олимпиаданың нәтижесі бойынша қалалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталады. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Қатысушылар қосымша номинацияларға да ие болады.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада

Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау;

2) отандық жетекші жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін дарынды оқушыларды дайындау арқылы үздіксіз білім беру идеясын іске асыру;

3) оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.
Президенттік олимпиада екі бағытта өтеді: математика-физика және химия-биология, 11-сынып бағдарламасы бойынша тиісті білім деңгейі бар жалпы орта білім беретін ұйымдардың оқушылары үшін.
Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – өңірлік, облыстарда Астана және Алматы қалаларында, республикалық білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – РБҰ ) және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында (бұдан әрі  – «НЗМ» ДБҰ) – жыл сайын 1 қарашаға дейін;
2) екінші кезең – іріктеу кезеңі 2 турда өткізіледі:
1 тур – қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;
2 тур – шығармашылық, қашықтық тур өткізілген күні эссе жазу;
3) үшінші кезең – республикалық, 3 турда:
1 тур – теориялық,
2 тур – эксперименттік;
3 тур – ағылшын тілінен тестілеу өткізу.

«Полиглот» пәнаралық гуманитарлық олимпиадасының Ережесі

Жалпы ережесі

Гуманитарлық олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері:

- көптілдік идеясын жүзеге асыру;

-оқушылардың коммуникативті-ақпараттық, коммуникативті-танымдық қабілеттерін ауызша, жазбаша өз тілінде және шет тілінде қалыптастыру;

-дарынды оқушыларды табу;

Олимпиадаға қатысушылар – 5-7 сынып оқушылары.

Олимпиада үш пән бойынша өтеді – қазақ тілі, орыс тілі және шет тілі (таңдау бойынша – ағылшын, француз және неміс тілдері).

Бірінші кезең (іріктеу кезеңі). Тест.

Екінші кезеңде жоғары ұпай жинаған бірінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Екінші кезең шығармашылық тапсырмалардан тұрады.

Ауызша бөлім: қатысушылар сарапшылардың ұсынған тапсырмаларын орындайды.

Жазбаша бөлім: қатысушылар берілген тақырыпқа шығармашылық жұмыс жазады. Жұмыс 100 сөзден (5-6 сынып оқушыларына) және 120 сөзден (7 сынып оқушыларына) тұру керек. Уақыт – 1 сағат 20 минут.

Байқауды басқару.

Байқауды дайындау мен өткізуді іске асыратын ұйымдастыру комитеті:

-         байқауды дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті мүшелерінің, қазылар алқасы мүшелерінің әдістемелік отырысын ұйымдастырады;

-         қазылар құрамын құрып, оның жұмысын ұйымдастырады;

-         номинациялар бойынша жеңімпаздар санын анықтайды;

-         барлық номинациялар бойынша байқау тапсырмаларын дайындайды.

Марапаттау.

І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар.


Жаңартылған 21.02.2017 15:43

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz