МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН Х ҚАЛАЛЫҚ «ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН Х ҚАЛАЛЫҚ  «ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ

See more details
«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы

Республикалық конкурсқа 5 психолог өтті. І саты - 3 жылға дейін еңбек өтілі бар мектеп психолог

See more details
29-я Международная олимпиада по информатике в Японском городе Цукуба

С 1 по 8 сентября 2018 года прошла 29-я Международная олимпиада по информатике в Японском городе Цук

See more details
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» ХІ қалалық педагогикалық олимпиаданың қорытындысы

2018 жылғы 5 сәуірде М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар Сарайы базасында ХІ қалалық педагогикалық ол

See more details
Республикалық «ҒАСЫРДАН ҒАСЫРҒА» интеллектуалдық конкурсы қалалық кезеңінің қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруым

See more details
Информация Западно-Китайская математическая олимпиада-2018

С 13 по 18 августа 2018 года в г. Наньчан, провинции Сычуань, прошла Западно-Китайская математическа

See more details
С 1 по7 сентября по инициативе Мэра Москвы в столице России прошла третья Олимпиада Мегаполисов

С 1 по7 сентября по инициативе Мэра Москвы в столице России прошла третья Олимпиада Мегаполисов.

See more details
Мектепке дейінгі мекемелердегі мектепалды даярлық топтары арасында өткізілген ІІ қалалық «Ертегілер білгірі» интеллектуалдық олимпиадасының қорытындысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі мектепалды даярлық топтары арасында баланың ертегілерді оқуға

See more details
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математика бағыт бойынша қорытындысы

Ағымдағы жылдың 15-20  наурыз аралығында  9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер

See more details
«Latyn álіpbıі» қалалық кіші олимпиадасының қорытындысы

See more details
Ақырғы жанартыру
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2017 жылғы республикалық олимпиаданың  IIІ (қалалық) кезеңі туралы қорытындысы

Жалпы білім беретін пәнд Қазақстан Респ

Қ.Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада қорытындысы

Қ.Сәтбаев атындағы Халық Жаратылыстану-м

«ҚАЗАҚСТАН-2050  ОҚУШЫНЫҢ КӨЗІМЕН»  АТТЫ  «ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА» КОНКУРСЫНЫҢ  ЕРЕЖЕСІ

«ҚАЗАҚСТАН-2050 ОҚУШЫНЫҢ 1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық ғылыми жобалар конкурсы

Жалпы білім беретін пәнд 2013 жылғы желтоқ

С 1 по7 сентября по инициативе Мэра Москвы в столице России прошла третья Олимпиада Мегаполисов

10.09.2018 10:10 Daryn
Басып шығару PDF

С 1 по7 сентября по инициативе Мэра Москвы в столице России прошла третья Олимпиада Мегаполисов. Соревнования проходили в столичных школах 2030, 1253 и 1241, а также в компании «Яндекс».

Жаңартылған ( 10.09.2018 16:40 ) Толығырақ...
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІ "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы

04.05.2018 09:24 Daryn
Басып шығару PDF

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінде 2018  жылдың 4 мамырында оқушылардың «Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық ғылыми жобалар конкурсы (ары қарай Конкурс) және конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Үшінші жылы өткелі тұрған конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу  орталығы.

Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

Толығырақ...
 

ГУ «Библиотека Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы» Центр развития одаренности и психологического сопровождения «Астана дарыны» Акимата г.Астаны ПРЕСС-РЕЛИЗ

04.05.2018 09:24 Daryn
Басып шығару PDF

4 мая 2018 года в Музее Библиотеки Первого Президента Республики Казахстан Елбасы будет проходить конкурс научных проектов школьников «Идеи, меняющие мир» и состоится торжественная церемония награждения победителей.

Организаторами Конкурса выступили Музей Библиотеки Первого Президента Республики Казахстан Елбасы и Центр  развития одаренности и психологического сопровождения «Астана дарыны»   Акимата  г.Астаны.

Основными целями и задачами Конкурса являются:

Толығырақ...
 

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

02.05.2018 09:50 Daryn
Басып шығару PDF

2018 жылғы сәуір айының 23-28 күндері аралығында  Өскемен қаласында Академик, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Бүкілодақтық Крупская медалі, АҚШ-тағы Аризон штаты, Тусон қаласының Құрметті азаматы, МХР «Даңқты ұстаз» алтын Орденінің, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалінің, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің, «Құрмет» орденінің иегері,  Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға Тәуелсіз қазақ елінің 14 облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен және Республикалық физика-математика мектептерінен  барлығы 192 оқушы қатысты.

Астана қаласының білім беру мекемелерінен барлығы 8 оқушы шұрайлы шығыстағы жоғарыда аталған Республикалық олимпиадаға барды.

Нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Вице-министрі А.Аймагамбетовтың атынан дипломдар, олимпиада демеушілері атынан бағалы сыйлықтар берілді.  Сонын ішінде Астана қаласы командасы: І орын-2; ІІ орын-2, ІІІ орын- 2, номинация -1.

Жаңартылған ( 02.05.2018 09:55 ) Толығырақ...
 

«Әлемді өзгертетін идеялар» атты ғылыми жобалар қалалық конкурсын өткізу ережесі

09.04.2018 14:05 Daryn
Басып шығару PDF

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1.   «Әлемді өзгертетін идеялар» атты ғылыми жобалар конкурсы (Әрі қарай Конкурс) 2014 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты дөңгелек үстелінің қабылдаған ұсынысы негізінде   Астана қаласы әкімдігі «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының 2018 жылдың  жұмыс жоспары бойынша өткізіледі.

1.2.   Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

-        оқушылардың «Қазақстан жолы» Қазақстанның жаңа заман мәселелеріне арналған ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық жұмыстарын ынталандыру;

-        Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев идеялары мен бастамаларын насихаттауға бағытталған оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерінің деңгейін және даму үрдісінің басты бағыттарының ахуалын анықтау;

-        талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;

-        Қазақстан Республикасы зияткерлік  әлеуетінің қалыптастырылуына үлес қосу.

1.3.   Конкурсқа 8-10 сынып оқушылары қатысады.

2. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

2.1. Конкурс  ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Астана қаласы Білім басқармасы «Астана дарыны» Өңірлік ғылыми-практикалық орталығы бірлесе.

2.2. Ұйымдастыру комитеті Конкурстың дайындығы мен өткізілуіне   тікелей басшылық жасайды, қазылар алқасының құрамын және Конкурсты өткізу бағдарламасын бекітеді,   Конкурстың қорытындысын шығарып, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтайды.

2.3.   Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексеріп  бағалайды, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтайды.

2.4.   Конкурс үш кезеңнен тұрады:

-        І мектепішілік кезеңі - 1 наурызға дейін Астана қаласы білім беру мекемелерінде өткізіледі;

-        ІІ іріктеу (сырттай) кезеңінде - 15 сәуірге дейін сараптама комиссиясы (құрамы, бағыттарға сәйкес ЖОО ғалымдары мен мамандары,) сараптау жұмысын жүргізеді;

Екінші кезеңге сұраныс 15 наурызға дейін 8-10 сынып параллельдерінен бір жұмысқа, жалпы мектеп бойынша бірінші орын алған 3 жұмысқа қабылданады. Сұраныста қорғалатын жұмыстың бағытын көрсету керек.

-        ІІІ ақтық кезең - 29-30 сәуір жобаны қорғау. Іріктеу кезеңінен өткен оқушылар  қалалық конкурсқа қатысады.

2.5. Шешуші кезеңде ғылыми жобаны қорғау (жұмыстың слайд презентациясы). Жобаны қорғауға 7-10 минут уақыт беріледі, ал біріккен командалық жобаға 10 минут беріледі. Командалық ғылыми жобаны қорғауға тек екі оқушы ғана қатыса алады.

3. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

3.1.   Ғылыми жұмыс төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1 бағыт «Қазақстандық патриот»

1.       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дамудың жаңа мүмкіндіктері

2.      «Болашақ» бағдарламасы;

3.      Тәуелсіздік ұлы құндылық;

4.      Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ұлттық бірлік;

5.      «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы;

6.       Бес институционалдық реформа-біздің мемлекеттілігімізге сенімсіздік тудыратын жаһандық сынға  өзгеше және тойтарыс беретін жауап
7.      Озықтық пен дәстүрдің үйлесімді ұштасуы;
8.      «100 абсолютті жаңашылдықты» іздестіру;
9.      Патриотизмге жаңа құндылық тұрғысынан қарауды қалыптастыру;
10.    Жаңа идея: мемлекеттерді бөліп тұратын шекаралар, адамдарды бөлмеуі керек, бизнес пен кәсіпкерлік бастамаға кедергі болмауы тиіс.

2 бағыт «Тауып айтылған сөздің құндылығы»

1.      «Қазақстанның құрыш келбеті» кітабы;
2.      Қарапайым адамдар мүдделерінің басымдығы;
3.      Н.Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы. «Еуразиялық одақ» кітабы;
4.      «Қазақстан жолы». Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасқан тарихы;
5.      Қазақстандық дамудың қазіргі заманғы стратегиясы. Интеграциялық идеологияны жетілдіру;
6.      Президенттің тілдік саясаты;
7.      Әлемдік тарихтағы қазақтардың тарихи миссиясы мен орны;
8.      Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулар. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» сияқты бағдарламалық кітаптар;
9.       Қазақстан Астанасы – бұл біздің тәуелсіздігіміздің жеңісі (Астананың 20 жылдығы)
10.    ХХІ ғасыр сын-қатерлер көрінісі.

3 бағыт «Бастама және әріптестік»

1.      Шетел капиталын тарту. ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі;

2.      Мемлекет дамуының нарықтық басымдығы;
3.      Қазақстандағы мемлекеттік, жеке-меншіктік әріптестіктің заманауи үлгісі;
4.      Мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынастарының қазақстандық үлгісі: заң мен келісімшарттардың үстемдігі;
5.      Қазақстанда жұмыс істейтін бизнес ең алдымен ұлттық ресурстарға сүйенуі тиіс «қазақстандық мазмұн» принципі;
6.      «Жасыл көпір» Астаналық бастамасы. ЭКСПО және жасыл экономика;

7.      Жел энергетикасын дамыту;
8.      «Кәсіби үкіметті» құру. Елді корпорация сияқты басқару;

9.      Ел экономикасының баламалы түрге – «Жасыл экономика» форматына ауқымды бетбұрысы;
10.    Кадр даярлау, қос білім, коммуналдық саланы инвестициялау, инновациялар.

4 бағыт «Өзгерістер қуаты»

1.      Астана – Қазақстандағы   барлық игі бастамалар мен қайта құрудың флагманы  
2.      Арал теңізін қалпына келтіру жобасы;
3.      1992 жылы Елбасы «Меңің Қазақстаным» әнін республика Әнұраны ретінде ұсынды;
4.      Латын әліпбиіне көшу- бұл қоғамдық сананы жаңғырту идеяларының негізі.

Президенттің тілді реформалар жөніндегі идеясы;
5.      Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы;
6.      Әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылу;
7.      «ҚР жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы» жөніндегі мемлекеттік бағдарлама;
8.      Ұлттық валюта – теңгені енгізу»;
9.      «Назарбаев университеті» әлемдік деңгейдегі қазақстандық университет;
10.    Бірнеше тілді білу.

5 бағыт «Жұмсақ күш»

1.      АӨСШК (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін) өткізу;
2.      Ядролық қарудан азат орталықазиялық аймақты құру;
3.      «ШЫҰ бес игі ісі» – ұлтүстілік мақсаттар доктринасы;
4.      2010 жылғы Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті. Саммиттің қорытынды декларациясы;
5.      Өңірлік интеграцияға қарай бағытталу. Еуразиялық Одақтың негізі қаланды;
6.      Басты идея – «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»;
7.      Діндерді әрқайсының өзіндік ерекшелігін сақтай отырып жақындастыру жөніндегі миссия;
8.      Президенттің «Қарапайым адамдарға қарай он қадам» идеясы;
9.      Өзара мәдени байыту;
10.    Өзара сыйластық принциптері, консенсустық көзқарас;

6 бағыт «Біздің айналамыздағы әлем»

1.      10 жаһандық сын-қатер. 4Т: trust, tradition, transparency, tolerance;
2.      Семей ядролық полигонын жабу;
3.      Астана экономикалық форумы;
4.      Үш тұғырлы тіл идеясы: қазақ, орыс, ағылшын;
5.      Астана бірігей қала;
6.      ЭКСПО - ауқымды жоба;
7.      Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім үлгісі;
8.      G-Global бес қағидасы: біріншіден, эволюция және саясаттағы революциялық өзгерістерден бас тарту; екіншіден, әділеттілік, теңдік, тұжырымдама; үшіншіден, жаһандық толеранттылық және сенім; төртіншіден, жаһандық транспаренттілік; бесіншіден, құрылымдық көпполярлылық;
9.      Тәуелсіздік – Н.Назарбаев аса маңызды жеңісі;
10.    Әлемге өз идеяларын ұсыну, ғаламның болашағын болжау.

3.2.   Конкурс ғылыми жұмыстарына қойылатын талаптар:

-        жобада қоғамның осы саладағы бұрын ашылмаған тұстарын, деректерді, құбылыстар мен  жаңалықтарды  айқындайтын материалдар;

-        тәжірибелік құндылығы зор, мектеп эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік үдерістің тиімділігін арттыруға ықпал ететін аппараттар, модельдер мен  құралдар конструкцияларын   ұсынатын  жұмыстар;

-        әлеуметтік – экономикалық және саяси мәселелерді шешуге бағытталған – құқықтық негізі бар жобалар болу керек;

-        бұрын қаралған және қорғалған жобалар, реферат немесе сипаттау түріндегі жобалар, конкурс талаптары сақталмаған жобалар ғылыми жарыстың келесі кезеңіне қатысуға жіберілмейді.

3.3. Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

- жоба мәтіні компьютерде А4 форматтағы қағазда және электронды нұсқада, 25 беттен аспайтын, 14 кегль Times New Roman шрифтпен 1,0 интервал аралықта басылуы керек және:

- титул парағы;

- абстракт;

- мазмұны;

- кіріспе;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

- пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрылуы керек.

Титул парағында:

- білім беру мекемесінің  толық атауы;

- конкурстың тақырыбы және бағыт;

- ғылыми жұмыстың атауы;

- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;

- жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;

- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы көрсетілуі қажет.

Абстракт (200 сөзден аспауы керек) жобаның:

- қысқаша мазмұнын;

- зерттеудің мақсаты;

- гипотезасы;

- кезеңдері, зерттеудің рәсімі;

- тәжірибе әдістемесі;

- зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;

- жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы;

-  практикалық қолдану салаларын білдіреді.

Кіріспеде (екі беттен аспауы керек):

- зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты (міндеті);

- алға қойылған міндеттерді шешу әдістері қысқаша көрсетіледі.

Жұмыстың зерттеу бөлімі жеке тараулармен (параграфтар) беріледі (15 беттен аспауы керек) және төмендегі құрылымды қамтуы қажет:

- жұмыстың практикалық құндылығына көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) анықтауға мүмкіндік беретін тақырып бойынша белгілі нәтижелерге аналитикалық шолу жасау;

- алға қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;

- жұмыстың нәтижесін және оны талқылау;

- көрнекілік материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.);

- пайдаланған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [1]. Нөмірленуі мәтінде кездесетін сілтемелерге сәйкес жүйелі түрде жасалуы қажет.

Қорытынды (бір беттен аспауы керек) жұмыстың басты нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындылар  мен ұсыныстарды қамтиды.

Пайдаланған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен төмендегідей орындалады:

- автордың тегі және қысқартылған аты – жөні;

- мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);

- журналдың, әдебиеттің атауы;

- басып шығарылған орны және баспасы (әдебиеттер үшін);

- басылып шыққан жылы, шығу нөмірі, беті.

Ғылыми конкурстың ІІ кезеңіне баяндамаға қосымша демонстрациялық материалдарды (слайд) жасау ұсынылады.

3.4. Ғылыми жоба нәтижелерінің нақтылығы мен мүлтіксіздігіне, диплом жұмыстарынан, магистрлық және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілген нәтижелер еместігіне жауапкершілік ғылыми жетекшілерге жүктеледі. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызмет дағдыларын ала отырып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

4. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

4.1.   Ғылыми жұмысты бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:
- жобаның жаңалығы және инновациялық құрылымы;
- өзектілігі және әлеуметтік маңызы;
- оқушының жеке үлесі.

4.2.   Конкурстың қорытындысы шешуші кезеңде шығарылады

4.3.   Конкурсты ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды:

І орын- 1, ІІ орын - 2, ІІІ орын -3 орын, мақтау қағазы - 4.

4.4.  Қатысушылардың барлығына конкурсқа қатысқанын растайтын сертификат беріледі.

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған ( 09.04.2018 14:08 ) Толығырақ...
 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Государственные символы

Астана уақыты

Сайтқа кіру

Сайтта дауыс беру

tweet

tweet

tweet

/var/www/vhosts/doctorsport.kz/astanadaryny.kz